Қазақстан • 24 Наурыз, 2018

Глубокое ауданында 272 адам қауіпсіз жерге көшірілді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Глубокое ауданында қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар саны 272 адамға жетті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Глубокое ауданында 272 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Аудан әкімінің орынбасары Сергей Кимасовтың айтуынша, 160 үй қызыл су құрсауында қалып, 272 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың көбі ауыл мектептерін паналауға мәжбүр.

«Апат салдарымен 85 техника мен 160 адам күресіп жатыр. Жайылған суды сорғыту жұмыстары да қызу жүруде. Арықтар мен құбырлар қайта-қайта тазартылуда.  Тасқын бастағалы 150 тонна қиыршық тас төгіп, 3500 құмқап төседік. Бұл жұмыстарға төтенше жағдай мамандары, жергілікті полиция қызметкерлері мен коммуналдық қызмет жұмысшылары және қарапайым халық көмектесуде» - дейді Сергей Кимасов.

Еске сала кетейік, бүгін ауданда жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазіргі таңда Глубокое және Белоусовка кенті, Тарханка, Предгорное және Прогресс ауылдары су құрсауында қалып отыр.