Хоккей • 25 Наурыз, 2018

Қазақстан допты хоккейден Әлем чемпионатында жүлделі болды

34 реткөрсетілді

Қазақстан допты хоккей тарихында тұңғыш рет 17 жасқа дейінгі құрама Әлем чемпионатында жүлдеге ие болды. Наурыздың 22-24 күндері Ресейдің Ульяновск қаласында 17 жасқа дейінгі құрамалар арасында Допты хоккейден Әлем чемпионаты өтті. 

Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы алғашқы рет қатысып және жүлдеге ие болып отыр. Топтық кезеңді іркілмей аяқтаған жігіттеріміз жартылай финалда болашақ әлем чемпиондары Швеция құрамасына жол берді. Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде 5-1 есебімен Финляндия құрамасын ойсырата жеңді. Қазақстан сапында Дәурен Оралов 4 гол соғып покер жасаса, тағы 1 гол Ершат Амангелдиевтің еншісінде. 

Сондай-ақ, құрама шабуылшысы Дәурен Оралов 7 голымен бомбардилер бестігіне енді.

Финалдық кездесуде Швеция жасөспірімдері Ресейді 4-2 есебімен жеңіп чемпион атанды.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар