«Мұздың ерте сөгілуіне байланысты Үлбі өзенінде мұз кептелді. Азаматтық қорғаныс қызметінің барлық күштері мен құралдаы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда халыққа хабарландыру беріліп жатыр. Адамдарға су тасқыны болған жағдайда не істеу керектігі, қайда эвакуацияланатындары туралы ескертілуде», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, құтарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Үлбінің осал учаскелерінде бірнеше рет профилактикалық жарылыс жасаған еді. Алайда, мұздың жаппай еруі мен сөгілуі су тасқыны қаупіне әкеліп соқтыруда. Бұған дейін, Глубокое ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ, ШҚО-ның тағы екі ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін екендігі ескертілген болатын.