Еуропарламент мүшелері Қазақстанның даму жолын бақылап, оның ТМД елдері арасында әлеуметтік-экономикалық бағыты бойынша алда келе жатқанын мойындап отыр. Президент ұсынған реформалар Еуроодақтың ең дамыған елдерінде қызу талқыға түскен ұсыныстар мен ұзақ мерзімді жоспарларға сай келеді. Алайда бұл жоспарлар одаққа мүше елдерде іске аспай тұр. Оған себеп бір ізді даму қарқыны жоқ. Анығында экономикалық-әлеуметтік ахуалы жақсы кейбір мемлекеттер әлі 2008-2010 жылдардағы дағдарыстан шыға алмай отыр. Олар Қазақстан сияқты төмен пайыздық несие мен студенттерге ұсынылған гранттар сияқты көмек көрсете алмайды.
Экономикалық даму көрсеткіштері бойынша Қазақстанның қарыштап алға шыққандығына әркез қуанып жүремін. Оның да өзіндік себебі бар – менің анам Қазақстанда дүниеге келген. Сондықтан да Қазақстан маған жат ел емес. Ал елдің жетістіктері жалғаса беретіндігіне сенімдімін.
Мирослав МИТРОФАНОВ,
Еуропалық парламенттің депутаты