30 Қараша, 2011

Екі аудан әкімі ауысты

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Есіл» ауданының әкімі болып 2008 жылдың сәуір айынан бері «Сарыарқа» ауданын басқарып келген Сәбила Мұстафина тағайындалды. Ол 2008 жылғы тамыздан бері осы қызметті атқарған Қайрат Жаңабергеновті ауыстырды. Қ.Жаңабергенов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. «Сарыарқа» ауданының әкімі болып 2011 жылғы қыркүйектен бері  Астана қаласының мәслихат хатшысы болған Ермек Оспанов тағайындалды. Бұл шешім Астана қаласы әкі­мінің ұсынысы бойынша Қа­зақ­стан Республикасы Конституция­сы­ның 87-бабы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Об­лыстық, аудандық маңыздағы қалалар, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандар, ауылдар, ауыл округтерінің әкімдерін тағайындау, қызме­ті­нен босату тәртібі туралы» Жар­лығына сәйкес 2011 жылғы 29 қарашада, сейсенбі күні елор­да­лық мәслихаттың кезектен тыс 74 сессиясында  қабылданды. С.Мұстафинаның Қазақстан­ның комсомол ұйымдарында, Қа­зақстан Республикасының орта­лық мемлекеттік органдарында, Астана қаласының жергілікті ат­қару органдарында басшылық лауа­зымдарда қызмет еткен үл­кен тәжірибесі бар, деп атап өтті елорда әкімі Иманғали Тасмағам­бетов. Оның айтуынша, Е.Оспа­нов­тың комсомол ұйымдарында, Ал­маты мен Астана қалаларының жергілікті атқару органдарында жинақтаған тәжірибесі мол. Қала әкімі сондай-ақ аудан әкімінің жұмысы өте жауапты іс, деп атап өтті. Мен қайтадан тағайын­далған әріптестеріме сәттілік тілегім келеді. Олар бұған дейін жинаған тә­жірибелерін жаңа міндеттерді шешу жолында қолданулары қажет. «Егемен-ақпарат».