30 Қараша, 2011

Қауіпсіздік – басты басымдық

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қорғаныс министр­лі­гінің алқа отырысы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес, Қарулы Күш­тердің 2011 жылғы қызме­ті­нің қорытындысы қаралып, ал­да­ғы 2012 жылға нақты тапсыр­ма­лар қойылды. Сондай-ақ, Қа­зақ­стан әскерінің басшылық құрамы Қазақстан Республикасы Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығы мен Қа­рулы Күштердің 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысын талқылады. Жауынгерлік әзір­лік­тің, жауынгерлік кезекшілік пен әскери тәртіптің жай-күйі де кеңінен сөз болды. Отырысты ашқан Қорғаныс ми­нистрі барлық командирлерге қаратып: «Қол жеткізілген көр­сет­кіштер көңіл қуантарлық, енді негізгі назарды жауынгерлік әзір­лік­тің сапасына аудару керек. Ел­ба­сы – Қарулы Күштердің Жо­ғар­ғы бас қолбасшысының бізге қойып отырған басты талабы осы», деді. Қазақстан Республикасы Тәу­елсіздігінің 20 жылдығымен тұс­па-тұс келген Қарулы Күштердің биылғы қызметі командирлік дай­ындықтың жаңа кешені анық­талып, жауынгерлік әзірлік пен атыс курстарының жаңа бағдар­ла­малары жасалуымен ерекшеленді. Алқа отырысында әскери оқу орындарында офицерлер дайын­дау мәселелері де көтерілді. Ма­мандарды өз елімізде дайындау қажеттілігі қадап айтылды. Өтіп бара жатқан жыл әс­кер­лердің жауынгерлік оқуы мен оқу-жаттығуларына толы болды. Сол себепті де, 2012 жылы негізгі күш оны жетілдіруге, жеке құ­рамды дербес оқытуға және «Қарулы Күштердің 20 жыл­ды­ғына – Қазақстанның қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге жұм­са­лып, біздің жанқиярлық еңбегіміз» ұранымен өтпек. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.