30 Қараша, 2011

Әлеуметтік мәселелерге тиісті назар

378 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Алматыда Жалпыұлттық социал-демокра­тия­лық партия­сы­ның 9-шы съезі өтті. Съезд қорытындысы бойынша Жалпы­ұлт­тық социал-демократиялық партиясының Парламент Мә­жілі­сінің сайлауына белсене қатысатыны мә­лімделді. ЖСДП алдағы өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына 57 азаматтың тізімін ұсынып отыр. Саяси бірлестіктің сайлауалды тізіміндегі азаматтардың арасында ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, пар­тияның лидері Жармахан Тұяқ­бай мен партияның теңтөрағасы Болат Әбілов және Guljan.org сайтын шығарушы Гүлжан Ер­ғалиева, партияның бас хатшысы Әміржан Қосанов бар. Болат Әбілов өзінің сай­лау­ал­ды бәсекедегі мүмкіндігін жоға­ры бағалайды. Ал жалпы, Жал­пы­ұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Парла­мент­тің төменгі палатасының 2012 жылдың 15 қаңтарында мер­­зімі­нен бұрын өткізілетін сай­­лауына өзгеше бағдарла­ма­мен, өзгеше ұсыныстармен келетіндерін жеткізді. Олардың пікірлеріне сүйе­нер болсақ, партия ең алды­мен қоғамдағы әлеуметтік мәсе­ле­лер­ді шешуге айрықша мән береді. Мәселен, партия өзі­нің сай­лауал­ды бағдарламасына сәй­кес, ең тө­менгі өмір сүру көр­сет­кішін 70 мың теңгеге, ал зей­нет­ақы мен жәрдемақының кө­ле­мін 3 есеге дейін жоғарылатуды көз­дейді. ЖСДП мүшелері сондай-ақ стра­тегиялық тұрғыда маңызы бар барлық компанияларды мем­ле­кет­тің қарамағына алу қажет деп есептейді. Яғни, олардың ойларынша, шаруа қожалықтары салықтан бо­сатылып, ал шағын және орта бизнеске 5 жыл көле­мінде салықтық жеңілдіктер берілуі керек». Алайда, съезд делегаттары пар­тия бағдарламасын тағы да жетілдіру қажеттігін айтып, да­уыс берді. Ал партия лидерлері алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауына «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партия­сы» атымен емес, бұрынғыша Жал­пыұлттық социал-демо­кра­тия­лық партия атымен қаты­са­тындықтарын да айтты. Сон­дықтан біз саяси кеңес құрып, бұрынғыдай Жал­пыұлттық со­циал-демо­кра­тия­лық партия ата­уы­на қайтадан көшетін боламыз. Осы Жал­пы­ұлттық социал-де­мо­кра­тиялық пар­тия деген атаумен Парламент Мәжілісінің сайлауы­на барамыз, деді Жармахан Тұяқбай. Парламент Мәжілісін тарату және Парламент Мәжілісінің сай­лауын мерзімінен бұрын өткізуге қатысты Жармахан Тұяқбай: – «Парламент Мәжілісінің сай­ла­уын мерзімінен бұрын өткізуді қа­жетсінетін кезектен тыс маңызды шаралар бар деп ойламаймын. Менің ойымша, бұл елдегі саяси күштердің ұзақмерзімді сайлау­ал­ды бәсекеге дайын болмауы­мен байланыстырылуы мүмкін. Сол арқылы тез арада мерзімінен бұрын сайлауалды науқанын ұй­ымдастырып, ақпарат кеңістігін­де өздерінің мүмкіндіктерін жо­ға­ры деңгейде пайдаланғысы келетіндері себепті болуы мүмкін. Екіншіден, алдымызда дағдарыс келе жатыр. Ал экономикалық дағдарыс бұдан кейін тіпті де тереңдей түседі деп ойлаймын», деді Ж.Тұяқбай, сонымен қатар, қоғам ішінде айтарлықтай дең­гей­де әлеуметтік алаңдаушылық тудырмау үшін де мерзімінен бұ­рын сайлау өткізілуі мүмкін, деп санайды. Сонымен, Жалпыұлттық со­циал-демократиялық партиясы мүшелері Парламент Мәжілісінің 2012 жылдың 15 қаңтарында өте­тін сайлауына жан-жақты дайын­дық үстінде. «Егемен-ақпарат».