Қазақстан • 31 Наурыз, 2018

Астанада «Красный уровень» телехикасяының арнайы таныстырылымы өтті

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Танысырылымға ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, Ақпарат және коммуникация минитстрі Дәурен Абаев және «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.

Астанада «Красный уровень» телехикасяының арнайы таныстырылымы өтті

Фильмнің сюжеті арнайы қызметтер мен Астанада лаңкестік шабуыл жасамақ болған діни экстремистік топ арасындағы қақтығысқа негізделген. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен отбасылық құндылықтар туралы, әлсіз бен әлдінің және қазіргі қазақстандық қоғамның алдында тұрған нақты проблемалары туралы сериал.

Фильмнің сюжеті соңғы жылдары Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға негізделген. Бас кейіпкер, ҰҚК-нің тергеушісі Ернар Есенгелдиев қатыгез қылмыстарды тергеп жүріп кенеттен экстремистік топтың ізіне түседі. Бұл топтың Қазақстан астанасында бірден бірнеше террорлық шабуыл жасауды жоспарлағаны мәлім болды. Мыңдаған бейбіт азаматтардың өміріне қауіп төнді. Сонымен бірге майор Есенгелдиевтің жеке өмірінде де дағдарыс туып, ең жауапты сәтте ол сатқындыққа тап болады.

«Красный уровень» авторлары детективтік сериал ғана түсіру міндетін қойған жоқ. Фильмде күрделі де қиын, сонымен бірге Қазақстанға өзекті діни экстремизм тақырыбы қозғалған. Фильмдегі басты рөлді қазақ киносының танымал актерлері Берік Айтжанов, Тәуекел Мүслім, Сая Оразғалиева, Филипп Волошин және Нышанбек Жұбанаев сомдады.

Қоюшы-режиссер ресейлік Валерий Мызников «Глухарь» және «Знаки судьбы» сериалдарымен танымал.

«Красный уровень» телехикаясын КТК телеарнасы Ақпарат және байланыс министрлігінің тапсырысымен  «STRANA media team» продакшн-орталығымен бірлесіп түсірді.

Фильм 2018 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір аралығында «КТК» телеарнасында көрсетіледі.

2017 жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен қазақстандық қоғамның маңызды әлеуметтік құбылыстарымен айналысатын 40 телехикая мен 131 әлеуметтік бейнеролик түсірілді. Бұл шаралар өз кезегінде отандық телеарналардың шетелдік медиа мазмұнына тәуелділігін төмендетуге және киноиндустрияны дамытуға көмектеседі.