30 Қараша, 2011

Өз ұстанымдарына беріктік танытты

399 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Алматыда Патриоттар партиясының ХІ съезі болып өтті. Онда аталған саяси бірлестіктің сайлауалды тұғырнамасы бірауыздан қолдау тапты. Форум дәстүр бойынша жаңа мүшелерге партия билеттерін салтанатты түрде тапсыруымен басталды. Онда қазақстандық танымал тай боксының шеберлерімен қатар, жас спортшылар да өз өнерлерін ортаға салды. Сөз ретінде съезге делегаттар еліміздің барлық өңірлерінен келгенін айта кетейік. Партия төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Ғани Қа­сы­мов өзінің баяндамасында патриоттар өздерінің алдына қойып отырған жақын жылдардағы бас­ты мақсат ел азаматтарының са­па­лық тұрғыдан жаңа өмір дең­гейіне өтуі болып табылатынын атап көрсетті. Тәуелсіздіктің 20 жылында Отанымыз әлеуметтік-экономикалық дамуда үлкен та­быс­тарға қол жеткізіп, өзінің әлем­дік аренадағы беделін бекемдей түсті. Newsweek журна­лы­ның нұсқасы бойынша өткен жылы Қазақстан «Әлемнің озық елдері» тізімінде 61-ші орынға тұрақтаған. Ғ.Қасымовтың айтуынша, бұл еркін көрсеткіш білім беру, ден­саулық сақтау, өмір сапасы, эко­номика дамуы, саяси ахуал, тұр­ғындардың жаппай сауаттылығы сияқты рейтингтерден тұрады. Бір­қатар позициялар бойынша біз­дің еліміз қазірдің өзінде әлем­нің бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіріп үлгерген. Халықаралық резервтер деңгейі жөнінен де осыны айтуға болады. Форумда атап көрсетілгенін­дей, партия қызметінің маңызды бағыты ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын жү­зеге асыру бойынша жасалатын жұмыстар болады. Олардың ара­сында экономиканы жаңғыр­ту­дың ұлттық жобалары, отбасы мен баланы қолдау, адам әлеуетін ашу бар. Таяудағы бес жылда, деп есептейді делегаттар, Қазақ­станның экономикасы азаматтар табысын 20 пайызға арттыруға қабілетті. Парламентке сайла­на­тын депутаттар бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын жоғарылатуға, аз қамтамасыз етіл­гендерге, мүгедектерге, зейнет­кер­лерге, көп балалы отбасыларына мемлекеттік қолдауды күшейтуге дәйектілікпен қол жеткізуге ұм­тылатын болады. Сонымен қатар, тұрғындар үшін әлеуметтік қызмет көрсету­дің жоғары сапасын қамтамасыз ету, жас отбасыларына әркез назар аударып отыру, жаңа жұмыс орындарын құрып, шағын бизнесті дамыту арқылы жұмыс­сыздық деңгейін азайту да ай­тарлықтай маңызды. Қазақстанның Кеден одағы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі жөніндегі Мемлекет басшы­сының біртұтас стратегиялық сая­сатын қолдай отырып, фо­рум­ға қатысушылар мұны аза­мат­тар­дың жоғары сапалы тауарларға қол жеткізуінің, қызмет көрсе­тулер мен отандық өнімнің ха­лық­аралық рыноктарға шығуы есе­бінен азаматтардың өмір са­па­сын жоғарылатудың аса маңызды факторларының бірі ретінде қа­рас­тырды. Съезде саяси жүйені жаң­ғыр­ту мәселесіне де баса назар ау­да­рыл­ды. Ғ.Қасымовтың пікірінше, жоғары ұйымдастырушылық жұ­мыс пен саяси бірлестіктің бар­лық мүшелерінің жоғары белсенділігі нәтижесінде Патриоттар пар­тиясы Парламент Мәжілісі­нен бірқатар орынға қол жеткізіп, өзінің фракциясын құруға қабі­летті. Сондықтан партия төр­аға­сы Парламент Мәжілісі мен бар­лық деңгейдегі мәслихаттар сай­лауы науқаны кезінде бірқатар міндеттер қойды. Съезд қорытындысында сай­лау­алды саяси тұғырнама бекітіліп, партиядан Парламент депу­та­т­тығына ұсынылатын канди­дат­тардың тізімі нақтыланды. – Біз қазір сайлау тактикасын ойластыруымыз қажет. Әрбір пар­тия ұйымы қандай ұйым­дас­ты­рушылық әлеуетке, материал­дық ресурстарға және мүмкін­дік­терге ие екенін анықтауға тиіспіз. Шешінген судан тайынбас деген, сон­дықтан жеңіске ұмтылатын бо­ламыз, – деді Патриоттар пар­тия­сының көшбасшысы Ғ.Қасымов. Осы арада еске сала кететін болсақ, 2004 және 2007 жылдар­дағы Мәжіліс сайлауларында Пат­риоттар партиясы сәйкесінше 0,55 және 0,78 пайыз дауыс жи­наған болатын. Ғ.Қасымов осы жолы қажетті дауыс алатындарына сенімді. «Егемен-ақпарат».