30 Қараша, 2011

Жас шахматшыны жеңісімен құттықтады

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шахматтан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған жас қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікке құттықтау жеделхатын жол­да­ды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Бразилиядағы әлемдік шахмат турниріндегі жарқын жеңі­сің­мен құттықтаймын! Сен жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, алтын медаль жеңіп алдың және төрт мәрте әлем чемпионы атандың. Бұл – талантыңның, еңбегің мен жеңіске деген ерік-жі­геріңнің нәтижесі. Сенің орасан табысың Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ерекше сыйлық болды. Бұл жетістігің жас қа­зақ­стандықтар үшін үлкен үлгі-өнеге болатынына сенемін», делінген құт­тықтау жеделхатында. Мемлекет басшысы жас чемпионға табыс, сәттілік және жаңа жеңістер тілеген.