Әлем • 02 Сәуір, 2018

Ибрагимович МЮ-ден не үшін кетті?

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда «Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович командамен келісімшартты бұзып, АҚШ-тың «Лос-Анджелес Гэлакси» клубына ауысқан болатын. Ибрагимовичтың «Манчестерден» не үшін кеткенін оның дәрігері Фредди Фу айтып берді.

Ибрагимович МЮ-ден не үшін кетті?

«Златан «Манчестер Юнайтед» клубымен бірге Чемпиондар лигасында жеңіске жетуді армандаған болатын. Бірақ МЮ «Севильядан» жеңіліп, лигадан шығып қалған соң, оны командада ұстап тұратын ештеңе қалмаған еді.  Сондай-ақ «Юнайтед» АПЛ-да «Манчестер Ситиден» 16 ұпай артта қалып, екінші орында келе жатыр. Маусым соңына дейін «Ситиді» қуып жете алмайтыны анық», дейди Фу.

Sports Illustrated басылымының жазуынша, Ибрагимовичтың калифорниялық клубпен 2019 жылдың соңына дейін келісімшартқа оты­рып, жылына 1,5 миллион еуро алады. Айта ке­тейік, Златан «Манчестер Юнайтед» сапына 2016 жылы келіп, Англия кубогы, Англия Суперкубогы және Еуропа лигасында жеңіске жеткен.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»