Медицина • 02 Сәуір, 2018

Елімізді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы баспасөз мәслихаты өтті

478 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Елімізді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Елімізді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы баспасөз мәслихаты өтті

Жиын барысында Қоғамдық ден­саулық сақтау комитеті төр­ағасының орынбасары Берік Ша­рипов БАҚ-та Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету­дегі кідіріс мәселесі көтеріл­ге­нін жеткізді.

«Қазіргі таңда қазақ­стан­дық­­тарды амбулаторлық дә­рі-дәр­мекпен қамтамасыз ету үшін тізімге енгізілген бар­лы­ғы 494 дәрілік заттар мен ме­ди­­циналық мақ­саттағы бұйым­дар­дың 430 атауы сатып алынды. Бірың­ғай дис­трибьютор тізі­мі бой­ын­ша ста­ционарлық жә­не ам­бу­ла­тор­лық дәрі-дәр­мек­пен қам­та­масыз етудің жал­пы кө­лемінің 95 пайызы ам­бу­ла­тор­лық және стаци­онар­лық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін барлығы 1040 дана сатып алынды. Әлі де 66 препарат сатып алынған жоқ. Бірақ оларға шекті бағалар қай­та қарастырылып, сатып алу қай­та­дан жарияланды», деді спикер.

Сонымен қатар ол Батыс Қазақ­стандағы жағдай бойынша баян­дама жасап, қазір БҚО-да амбулаторлық та, стационарлық та дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың бар­лық қажетті қорлары бар екенін жеткізді.

«Қаңтар және ақпан айларына қажеттілік бойынша сатып алынған препараттар толық көлем­де жөнелтілді. Қазір наурыз айына қажеттілікті дәріхана пункттеріне жөнелту жалғасуда. Сол жерден дәрілер пациенттерге беріледі. Қазіргі уақытта 2018 жылдың алғашқы үш айында амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жалпы сомасы 606,1 млн теңгені құрайтын 246 дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар атауы түсті. Бұл сома облыстың дәрілік заттарға сұранысының жалпы көлемінің 63 пайызын құрайды. Соның ішінде қант диабетін емдеу үшін аймаққа 34 млн теңге тұ­ратын дәрі-дәрмектер жөнел­тілді», деп атап өтті ол.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»