Әлем • 02 Сәуір, 2018

Альварестің ісі 18 сәуірде қаралады

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Невада штатының атлетикалық комиссиясы допинг дауына іліккен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) ісінің қарау мерзімін 18 сәуірге дейін созды. 

Альварестің ісі 18 сәуірде қаралады

«Сау­ль Альварес 17 және 20 ақпан күндері кленбу­теролды анықтайтын допинг-тест тапсырып, ол оң нәтижені көрсеткендігі үшін бокс­тан уақытша шеттетілді. 10 сәуірде Альварес қатысуға тиісті комиссия отырысы 18 сәуірге ауыстырылды», деп хабарлады атлетикалық комиссияның атқарушы директоры Боб Беннетт.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Генна­дий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес осы жылдың 5 мамырында АҚШ-тың Лас-Вегас қала­сында жұдырықтасуы тиіс болған. Енді Головкин мен Альварес жекпе-жегінің өту-өтпеуін Невада штатының комиссиясы шешетін болады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар