Аймақтар • 02 Сәуір, 2018

Қызылорда облысында сенаторлар ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті

402 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қабылданған заңдар жұмыс істеу керек. Ұсыныстарыңызды айтыңыздар, шын мәнінде заңда ескерілмеген тұстар болса, оны зерделейік, толықтырып, түзету, халықтың қалыпты жұмыс істеуіне заңнамалық тұрғыдан жағдай жасау біздің міндетіміз» деді депутат М.Бақтиярұлы.

Қызылорда облысында сенаторлар ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті

Мұндай әңгіменің қозғалуына Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламановтың Қызылорда облысы, Қармақшы, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен, шаруа қожалығы өкілдерімен, ардагерлер кеңесімен, аудандық маслихат депутаттарымен, емхана ұжымымен сондай-ақ аудан белсенділерімен кездесу барысында осы салада жұмыс істеп жатқан еңбеккерлердің ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заң әлі өз дәрежесінде жұмыс істеп жатқан жоқ деген уәжі себеп болды.

«Кооперативтердің рөлін күшейту үшін, оларды қанаттандыратын ынталандыру тетігі қарастырылып, қажетті дәрежеде қаржыландырылуы керек» деді шаруа қожалықтарының өкілдері.

Кездесу кезінде депутаттар тұрғындармен ой-пікірлер алмасып, соңы емен-жарқын ашық әңгімеге ұласты. Елбасы үндеуінің басымдықтарын нәтижелі жүзеге асыруға жан-жақты талқылаулар жасалып, сенаторлар жиналған жұртты елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Сонымен қатар, Сенат депутаттары аудан активтерімен бірге апатты жағдайдағы ауруханаларды аралады, шешімін таппай келе жатқан Жалағаш аудандық орталық аурухана құрылысын қаржыландыру, Жалағаш ауданының орталығын газдандыру мәселесі сияқты ауқымды проблемалық сұрақтарға назар аударды.

Мұрат Бахтиярұлы және Бекмырза Еламановпен кездескен ауыл тұрғындары өздерінің өтініштері мен ұсыныстарын айтты. Солардың бірі  – жерді жалға беру институтын қалыптастыру мәселесі. Жиналған халық көкейлеріндегі сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып тарқасты.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20