Аймақтар • 02 Сәуір, 2018

Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 188-ге жетті

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 188-ге жетті, деп хабарлайды Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ғалым Айнабеков.

Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 188-ге жетті

"28-29 наурыз күндері бізге шамамен 30 адам келіп түсті, 30 наурызда ең жоғарғы көрсеткіш болды – 79 адам, содан кейін 31 наурызда тағы 52 адам медициналық көмекке жүгінді. Жалпы ауруханаға улану диагнозымен 188 адам келіп түсті", - деді ол.

Бұған дейін ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы 60 адамның балмұздақтан уланғаны туралы ақпарат таратқан. Белгілі болғандай, барлық зардап шеккендер жемісті жұмсақ балмұздақ жеген. Балмұздақтар жеке кәсіпкер М.Ишмуратоваға тиесілі Республика даңғылы бойындағы сауда нүктесінен сатып алынған.

 Алдын ала мәлімет бойынша, балмұздақ қоспасы үй жағдайында жасалған. Осыған орай балмұздақты дайындау және сату талаптарының сақталуына байланысты тексеру жұмыстары басталды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балмұздақ жеп, ішек инфекциясын жұқтырған  науқастардың жағдайымен танысқан болатын.