Депутат қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылғанын айтты.
- Облыстарға жұмыс сапарым барысында міндетті түрде ХҚКО-тарына барып, халықпен жүздесуді жөн көремін. Өйткені, дәл осы жерде Елбасының Жолдауындағы басым бағыттарының бірі - «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы байқалады, – дейді ол.
Халық қалаулысы сондай-ақ, «Нұр Отан» бастауыш партиясының қызметімен танысып, қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету және саланың басқа да күрмеулі мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы