Саммит өткен елдер санаулы. Солардың бірі әрі бірегейі – Қазаќстан
Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы:
– Мен ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның төрағалығын жоғары бағалаймын. Он бір жыл бойы болмаған саммиттің өткізілуі Қазақстанның көшбасшылығын ғана емес, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өз басына берілген үлкен баға, оның жаһандық маңызы бар бастамалары мен идеяларының мойындалғандығының белгісі деп ойлаймын. Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу арқылы Қазақстан ТМД елдері мен Орталық Азия мемлекеттері арасында бірінші болып суырылып алға шығып, өзара әріптестіктің жаңа дәуіріне жол ашты.
Хиллари КЛИНТОН, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:
– Тұңғыш рет ЕҚЫҰ Саммитінің Орталық Азиядағы елде өтіп отырғандығы Ұйымның және Хельсинки қағидаттарының бір ғана топта немесе жекелеген елдерде ғана емес, бүкіл әлемде дерлік қолданылатындығын көрсетеді.
Астанадағы бұл Саммит үлкен маңызға ие. Бұл Саммитті өткізген Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдар ішінде толайым табыстарға, оның ішінде экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Осы арқылы ол өзінің алдына мақсат қойып, соны орындай алатын ел екенін көрсетті.
Сергей ЛАВРОВ, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі:
– Қазақстан төрағалығының даусыз жемісі деп он бір жыл бойы өткізілмеген Ұйым Саммитін ұйымдастыруын атауға тиіспіз. Көпке мәлім, Ресей президенті Дмитрий Медведев Саммит өткізу жайындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын алғашқы болып қолдады. Және осы жолғы Саммиттің тұңғыш рет географиялық Еуропадан тыс аймақта өткізілуі ұйымға мүше еуропалықтар мен азиялықтардың арасындағы үзілмейтін байланыстың белгісіндей болды.
Ангела МЕРКЕЛЬ, Германия Канцлері:
– Біз Хельсинки актісі өмірге келгеннен кейін 35 жылдан соң жүздестік. Содан бері әлем өте қатты өзгерді. Қазіргі күнгі Ванкувер мен Владивосток арасындағы кеңістік ол кездегіден мүлде басқаша сипатта. Осындай жағдайда Президент Назарбаевқа Астана Саммитін ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Тұңғыш рет ЕҚЫҰ Саммиті Орталық Азияда өткізілді. Бұл осы аймаққа жаңаша көзбен қарауға мүмкіндік береді.
Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті:
– Астана Саммитінің өткізілуі – Нұрсұлтан Назарбаев бағындырған ең биік белес болып табылады. Ол бұл белесті жоғары етіп қойды және ондағы өзінің міндеттемелерін тамаша орындап шықты. Мен ЕҚЫҰ-ның саммиттеріне осымен үшінші рет қатысқан саясаткермін. Мұндай жоғары өткен жиынды әлі көргенім жоқ.
Мен Нұрсұлтан Әбішұлына, өзге де саясаткерлер айтқанындай, бұл Саммит жұмысы барлық сегменттер бойынша керемет ұйымдастырылғанын атап көрсетемін. Неткен тамаша үдеріс, шенеуніктер, қауіпсіздік қызметі, журналистер – бәрі де шынайы достық ниетте қонақжайлылық танытты. Саммит жұмысына ешкім де кедергі жасамады. Біз Қазақстаннан үйренуіміз керек.
Кэвин РАДД, Австралия Сыртқы істер министрі:
– Қазақстан ЕҚЫҰ жұмысына тың серпін берді. Расында, Қазақстан төрағалығына дейін Ұйым жұмысында біршама үнсіздікке толы тыныштық орнағаны ешкімге де жасырын емес. Мен Қазақстан Президентіне барлығымызды үлкен үнқатысу алаңына шақырғаны үшін алғыс айтамын. Және оның конфессияаралық, ұлтаралық келісім жолындағы жұмысы атап айтуға тұрарлық. Бүгінде бұл өте маңызды мәселе.
Саммит аса үлкен жетістік болды. Ол бір мезгілде ұлан-ғайыр аймақта орналасқан елдердің басшыларын жинады. Кеңістіктегі қауіпсіздік мәселесін тек бейбіт жолымен қамтамасыз етудің басты қағидат екенін барлығына мақұлдатқызды.

Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35