Аймақтар • 02 Сәуір, 2018

Қызылорда облысында депутаттар халықпен кездесуде

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған депутаттар халықпен кездесуді жалғастырып жатыр деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Қызылорда облысында депутаттар халықпен кездесуде

Келелі жиында Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасын» жүзеге асырудың тетіктері түсіндіріледі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Әбсаттаров бес бастаманың біріншісінде тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделгендігін айтады. «7-20-25» бағдарламасында несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан жоғары болмайды. Егер банктер бүгінде алғашқы жарнаның 30, кейде 50 пайызын талап етсе, осы бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20 пайыздан аспайды. Ай сайынғы төлемді азайту үшін несие мерзімі 25 жылға ұзартылған.

Екінші бағыттағы салық кодексіне енгізілетін өзгеріс табысы аз азаматтар үшін қолдау болмақ. Депутаттар бұл жұмыс ұсынып отырған тарап үшін де тиімді дейді.

Еліміздің жалпы ішкі өнімнің 27 пайызын шағын және орта бизнестен түскен табыс құрайды. Оны арттыру үшін Елбасы бұл саланы да бес басымдыққа қосты. Мәселен, жоспар бойынша кәсіпкерлікке 30 милиард теңге қаржы қаралған болса, бағдарлама шеңберінде қосымша 13 миллиард 900 милион теңге бөлініп отыр.

Бұл қаржы шағын және орта кәсіптің тынысын ашады. Мәжілісмендер бастамадағы басымдықтарды осылайша түсіндіріп жүр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы