Егемендіктің елең-алаңындағы өлара шақта мүмкіндігі шектеулі жандар түгілі қол-аяғы сау адамдардың өзі сең соққандай әрі-сәрі күй кешкені рас. Әркім өз күнін өзі көру үшін ала дорба арқалап, ала шапқын болған кез еді ол. Тағдырдың жазуымен омыртқа жарақатынан сал болып қалған мен өзім сияқты көптеген мүгедек жандармен таныстым. Шындығында, бастапқыда мұндай тағдырдың қатал сынына үйреніп кете алмаспын деп ойлайтынмын. Мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі жандар алдындағы міндеттері мен олардың құқықтары сөз болуы да мүмкін емес еді сол уақытта, егемен еліміз аяғынан енді-енді тұрып жатқан болатын. Іс нәтижесі бастамашылдық пен белсенділігіңе тәуелді мектептен тыс және мәдениет мекемелерінде жұмыс істеген тәжірибеме сүйеніп, осы бір күрделі кезеңде бір топ пікірлес адамдармен қоғамдық ұйым құрдық. Сөйтіп, сол кездегі Мұғалжар ауданының орталығы Октябрь (Қазір Қандыағаш) қаласында қараусыз қалған гаражды хан сарайындай етіп жарақтандырып, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жаңажылдық бал өткіздік. Ақтөбеден арнайы оркестр шақырттық. Елу бала мен олардың ата-аналарының жүздерінде қуаныш лебі ойнады, бір сәт мүгедектіктерін ұмытқандай болды. Бұл әрине, қоғамның бір бөлігі ретінде мүмкіндігі шектеулі жандардың өз демалысын өздері өткізе алатынын дәлелдеген алғашқы әлеуметтік шара болды. Одан кейін де бірнеше әлеуметтік маңызды шаралар жүзеге асырылды. Әрине, қасымда мені қолдайтын азаматтар көп болды.
Кейін облыс орталығына қоныс аудардым. Мұнда келісімен әлеуметтік бағыттағы «Ақтөбе қаласындағы сал ауруларына шалдыққан азаматтарды қорғау» қоғамдық бірлестігі дүниеге келді, 1999 жылы заңды тіркелді. Бірлестікті құрудағы мақсат қоғамның назарын мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына аудару болатын. Өз бастамамызбен ондаған әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, жүздеген адамдардың тұрмысын жақсартуға, өз істерін ашуға көмектестік. Қамкөңіл жандардың өмірге деген ынтызарлығын арттырдық. Мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектер арасында «Қоларбадағы арулар» байқауын, мүгедек балалар арасында «Синяя птица» сурет конкурсын өткізу және басқа іргелі шараларды ұйымдастыру олардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне ықпал етіп қана қоймай, ертеңгі күнге деген сенімдерін нығайта түсті.
Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысының нақты нәтижесі сол мақсатты топтардың игілігіне қызмет етумен, олардың мұң-мұқтажына көзқарасымен бағаланады деп есептеймін. Қазір өткен жолдарымызды талдай келе, мүгедектердің мүддесін қорғауда қаншалықты алға кеткенімізді аңғарамын. Әр деңгейдегі ұйымдар алдында кедейлердің, аурулардың, аз қамтылғандардың мәселелерін ашық айтуға қол жеткіздік. Мүгедек жандарға деген мемлекеттің міндеттемесі – әлеуметтік кепілдігі анағұрлым артты, сапалық тұрғыда жақсарды. Бұл бәрінен бұрын мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін барлық жәрдемақылар мен зейнетақы, әртүрлі өтемақылық қаржылар мен төлемдер, жеке көмекші бөлу, гигиеналық заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Ең бастысы, Ақтөбе қаласында қоларбадағы мүгедектер үшін ыңғайлы көп қабатты тұрғын үй салу қолға алынды. Қазірдің өзінде осындай екі үй пайдалануға беріліп, көптеген мүмкіндігі шектеулі азаматтар тегін баспаналы болды. Бұл үйлерде қоларбамен кіру үшін пандус жасалған, сыйымдылығы үлкен лифт орнатылған. Пәтерлердің бөлмелері де, балкондары да кең, қоларбамен қозғалуға қолайлы. Сондай-ақ, төменгі қабаттарында мүгедектер үшін әртүрлі шеберханалар мен шағын цехтер ұйымдастырып, жаңа жұмыс орындарын ашу да жарымжан жандарға үлкен қолдау-көмек болуда. Бұл бастама алда да жалғасын табады.
Қазір біздің ұйымда 1200 еңбек жасындағы қыз-келіншектер мен азаматтар есепте тұрады. Олардың ешқайсысы да тек жәрдемақы алушы болғысы келмейді. Олар өздерінің көңіл түкпіріндегі арманын жүзеге асырып, өз мүмкіндіктерін көрсетуге ынталы. Мұны әртүрлі қоғамдық бірлестіктерге мүше болып, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысу арқылы жүзеге асыруға болатынын да түсінеді. Біз бұған қол жеткіздік деп айтуға әбден болады. Қазір мүмкіндігі шектеулі әйелдер дүниеге сәби әкелуде, ондаған жастар спорттың әр түрлерінен чемпион болуда, көптеген мүгедек жандар өздері қалаған мамандық бойынша жоғары білім алуға талаптануда, ал, бірқатары өз істерін ашып, кәсіпкерлікпен щұғылдануда.Үкімет әлеуметтік мәселелерді шешуде үкіметтік емес сектормен әріптестік қатынас орнатуға барынша қолдау-көмек көрсетуде. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдар тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсетуде тиімділікке қол жеткізуде.
Біздің бірлестікке өмірде қиындыққа тап болған әрбір адам жолыға алады. Мұнда әлеуметтік жедел көмек жұмыс істейді. Бірлестіктен тегін азық-түлік, киім алуға болады, әртүрлі құжаттар толтыруға жәрдем беріледі. Бұған жағдайының ауырлығын дәлелдейтін қаптаған қағаз толтырудың да қажеті шамалы. Бірлестікте қоларбада отыратындар үшін арнаулы шағын такси қызметі де ұсынылады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жеңілдету, кездескен қиындықтарын жеңуге бағытталған көптеген шаруалар жасалуда. Сондықтан да мұнда өзара түсіністік, қайнаған тірлік бар. Осындай игі істерге ұйытқы болудың нәтижесі болар бәлкім, бірлестік өткен жылы «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы» атағына ие болды. Бұл бізді мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемасына бағытталған жұмысымызда жаңа жетістіктерге жігерлендіреді.
Құралай БӘЙМЕНОВА, «Ақтөбе қаласындағы сал ауруларына шалдыққан азаматтарды қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Ақтөбе облысы.

Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35
Vogue Italia Михаил Шайдоровтың костюмін таңдаулылар қатарына қосты
Қысқы спорт • Бүгін, 17:25