Қазақстан • 03 Сәуір, 2018

Сенаторлар ЖОО-ға арналған қосымша гранттарды стратегиялық маңызды шешім деп атады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев пен Сенат депутаты Еділ Мамытбеков Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мен Әділет министрлігі Сот сараптамасы институтында болды.

Сенаторлар ЖОО-ға арналған қосымша гранттарды стратегиялық маңызды шешім деп атады

Парламент депутаттары еңбек ұжымдарымен жүздесулерде Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының маңызын жан-жақты түсіндірді. Сенатор А. Бейсенбаев тұрғын үй сатып алудағы жаңа мүмкіндіктер, жоғары оқу орындары, еңбекақыны көтеру, қаржыландыру көлемін ұлғайту және Астананы газбен қамтамасыз етудің келешегі жөніндегі тапсырмалар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Шараға қатысушылар «7-20-25» бағдарламасын іске асыру тетіктері, шағын несиені жеңілдікпен алу мен техникалық мамандықтарға білім беру грнаттарын бөлудің шарттары туралы мәселелерді көтерді.

Депутаттардың Құқықтық ақпарат орталығындағы кездесуінде мектеп түлектерінің көршілес елдерге білім алуға кетуі туралы сауалдар қойылды. Сенаторлар мектеп түлектерінің елде қалуының статегиялық маңызы бар екені, сондықтан мемлекет жоғары оқу орындарында оқу үшін қосымша гранттар бөліп отырғаны туралы пікірін білдірді. Депутат Е. Мамытбеков бюджет саласының қызметкерлерінің еңбекақыларын келешекте көтеру және астанадағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселелері туралы өз ойларын ортаға салды.