Қазақстан • 03 Сәуір, 2018

Сенатормен кездесуде дәрігерлер қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Серік Бектұрғанов Қостанай облысына жұмыс бабындағы сапары барысында дәрігерлер қауымымен кездесті және аймақтағы емдеу мекемелерінің басшылары мен өкілдеріне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жан-жақты таныстырды.

Сенатормен кездесуде дәрігерлер қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Депутатпен кездесуде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің ерекшеліктері, денсаулық сақтау саласының бюджеті, цифрландыру және келешектігі бірыңғай жоспарлар аясында ауруханаларды біріктіру, жедел жәрдем жұмысының жаңа жүйесі, тегін дәрі-дәрмек, аймаққа жас мамандар мен тәжірибелі дәрігерлерді тарту, емдеу мекемелерін адам денсаулығын зерделейтін техникамен жабдықтау мәселелері сөз болды. Одан басқа, жедел жәрдем дәрігерлерінің қауіпсіздігі мен қызметкерлерді қателіктерден сақтандыру туралы да айтылды. Сенатор заң ережелерін жетілдіру аясында пікірлесуге және кездесуде айтылған маңызды мәселелерді шешуге көмектесуге әзір екенін атап өтті.

Жүздесуде дәрігерлер мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін ұлғайту және барша қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру жөніндегі игілікті шаралардың қабылдануына байланысты ел Президентіне алғыс айтты.