Теннис • 03 Сәуір, 2018

Диас Досқараев: Хорватиямен тең ойнауға шамамыз бар (фоторепортаж)

200 реткөрсетілді

Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы 6-8 аралығында Хорватия құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Дэвис кубогының ширек финалдық кездесуінің аясында өтетін ойын алдында Диас Досқараев бірнеше сауалымызға жауап берді. Қазақстан құрамасының капитаны дайындық жақсы жүргізілгенін мәлімдеді.

- Диас мырза, апта бұрын Аустрия елінде жаттығуды бастадыңыздар. Матчқа деген пысықтауларыңыз қалай өтті?

- Иә, Аустрияның Вена қаласында апта бұрын жаттығу бастадық. Енді міне, кеше ғана Хорватияның Вараждин қаласына келіп отырмыз. Матч өтетін аренаға бой үйретіп жатырмыз. Ал дайындықтың өзіне келер болсақ,  өте сапалы жаттығулар өткіздік. Жігіттердің барлығы жан-жақтан жиналды. Көбісі жарыстардан келіп отыр. Жалпы, физикалық жағдайлары жаман емес. Енді тек дәл осы болатын ойынға бағытталған бірлі-екілі жұмыстар жүргіземіз. Сербия құрамасына қарсы ойнаған кезімізде де Вена қаласына барып апта бұрын дайындық жұмыстарын өткізіп едік. Сол кезде жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Маңызды ойын алдында жақсылап дайындалғанымыз жөн. Ең бастысы теннисшілеріміз жергілікті ауа-райына, сағат белдеуіне үйренісіп үлгерді.

- Хорватия құрамасы жайлы не айтасыз? Оларда қол қусырып отырмаған болар?

- Әрине, оларда тыңғылықты дайындалып жатыр. Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалға жолдама алады. Сондықтан да, бүкіл әлем тамашалайтын ойын өте маңызды. Хорватия құрамасы ойыншылар құрамын өзгертті. Бастапқыда Иво Карловичті тіркеуі керек болған хорваттар ол ойыншыдан бас тартып орнына Никола Нектичті қосты. Дегенмен, бұл команданың негізгі ойыншысы Марин Чилич екені анық. Әлемнің үшінші ракеткасына қарсы ойнау ешкімге де оңай соқпайды. Одан бөлек Борна Чорич деген теннисшісі қазір өте жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп жүр. Мысалы, Майами мен Индиана Уэльстегі жарыстарда ол өзінің мықты екенін көрсетті. Федерердің өзін ұтып жібере жаздады. Осындай ірі турнирдің жарытай финалында ойнау керемет жетістік. Олардан бөлек, Иван Додиг пен Никола Мектичті де ұмытпауымыз керек. Жалпы алғанда, Хорватия құрамындағы 5 теннисші ТОП-50-ге кіретін ойыншылар.

- Сонда бұл кездесудің фавориті Хорватия, ал Қазақстанға келесі кезеңге өтетін мүмкіндік мүлде жоқ па?

- Ойынға дейін және қағаз жүзінде фаворит Хорватия.Бұл тұжырыммен бәрі келіседі деп ойлаймын. Оның үстіне ойын да Хорватия алаңында өтеді. Біз хард төсенішінде мықты едік. Ал олар бізге ыңғайсыз болсын деп құм төсенішін таңдап отыр. Хорват құрамасы тек осы ойынның ғана емес, сонымен қатар бүкіл Дэвис кубогы жарысының фавориті. Бірақ, бұл жоғарғы деңгейдегі тартыс болғандықтан бәрі де болады. 5 ойындық теке тіресті түрлі оқиға орын алады. Қазақстан құрамасы осыған дейін небір атақты құрамаларды жеңді. Біздің жігіттерде тәжірибие жеткілікті. Сондықтан да, Хорватияға қарсы терезесі тең ойын өткізе алатын деңгейдеміз.

- Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Ермұхамед МӘУЛЕН

Хорватия, Вараждин.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Сұрап алу – ұрлап алу емес

Қоғам • Бүгін, 08:42

Алыптар жайлы үш үзік сыр

Тарих • Бүгін, 08:35

Қостанайда киік мүсіні орнатылды

Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Ұқсас жаңалықтар