Қазақстан Республикасының 49 өкілі жоғарыда көрсетілген сайлаудың бақылаушылар тізіміне енді.
Олардың ішінде Әзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыртуымен 2 адам сайлауда бақылаушы ретінде қатысады.
ТМД бақылаушылар миссиясынан 35 бақылаушы:
- ҚР Орталық сайлау комиссиясынан – 1;
- ҚР Президенті әкімшілігінен – 2;
- аумақтық сайлау комиссияларынан – 2;
- жергілікті атқарушы органдарынан – 16;
- мәслихаттардан – 6;
- саяси партиялардан - 5;
- БАҚ және коммерциялық ұйымдардан – 3.
Сондай-ақ, бұл құрамға Қазақстанның аймақтарынан 28 өкіл кірді:
- Маңғыстау облысынан – 10 кандидатура;
- Қарағанды облысынан – 3 кандидатура;
- Атырау обласынан және Астана қ. – 2 кандидатурадан;
- Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қ. – 1 кандидатурадан.
Түрік кеңесі бақылаушылар миссиясы құрамына 2 адам және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ құрамына Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстваларынан 10 адам енді.
ҚР ОСК-дан сайлауға бақылаушы ретінде барлығы 6 өкіл қатысады: ҚР ОСК төрағасы Имашев Б.М. және аппараттың 5 қызметкері.
Әзербайжан Республикасындағы президент сайлауына парламент бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінен 3 өкіл, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының миссиясы құрамынан (1 адам), ТМД Парламентаралық ассамблеясынан (1 адам), Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің шақыруымен (1 адам) бақылаушы ретінде қатысады.
Атап өтсек, шет елдердің сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасынан жіберілетін бақылаушылар тізімі алғаш рет ҚР ОСК-ның қаулысымен бекітілді және бұдан былай бақылаушыларды бекіту процедурасы тұрақты түрде өткізіледі.