Қазақстан • 03 Сәуір, 2018

Алдағы үш күнде Астанада күн жылынады

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуір айының 3-5 күндері Астанада тұрақты ауа райы сақталып, жауын шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Алдағы үш күнде Астанада күн жылынады

Сәуірдің 3 күні Елордада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Батыс бағыттан 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7...-9°С, күндіз +1...+3°С.

4-ші сәуір күні көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз +3...+5°С.

Ал, 5 сәуір күні көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрып, ауа температурасы түнде -4...-6°С, күндіз +8...+10°С күтіледі.