Қазақстан • 03 Сәуір, 2018

Елордада Еуразиялық конгрес өтеді

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде III Еуразиялық конгресстің «Қан тапсырудың дамуының өзекті мәселелері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. 

Елордада Еуразиялық конгрес өтеді

Жиынға Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин, Республикалық Трансфузиологиялық ғылыми өндірістік-орталығы медициналық жұмыс бойынша директорының орынбасары Шайжамал Мұсабекова, Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі АҚШ аймақтық орталығының  ЖИТС, АИТВ және туберкулезге қарсы күрес бөлімінің өкілі Перри Киллам, Қазақстандағы ДСҰ өкілі Олег Честнов қатысты.

«2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы бүгінгі күні әдістемелік орталығы мен Қазақстанның қан қызметін дамытудың үйлестірушісі болып табылады. Аталған конгресс барысында «Қазақстанның қан қызметін реформалаудың қорытындысы», «Қан қызметінің проблемалық сұрақтары» және тағы басқа тақырыптар талқыланатын болады. Айта кететін тағы бір жайт, мұндай жиын Астанада алғаш рет өткізілгелі отыр. Шара әлемдік медициналық қауымдастықтың алдында еліміздің иммиджін көтеруде аса маңызды және Қазақстанды медицинаға жоғары технологияларды тиімді енгізетін әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде танытуға септігін тигізеді», деп атап өтті Ж.Бекшин.

Астанадағы алқалы жиын 4-6 сәуір аралығында өтеді.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»