– Өкінішке қарай, Қазақстандағы рухани орда, Алаш қаласы саналатын Семейде жасы кәмелетке жетпеген қазақ жастарының түнгі клубтар мен ойын орталықтарында болуы көңілге кірбің ұялатты, – деді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова, – Ұйқыларын қандыратын мезгілде түнгі сауық алаңдарында жүр. Әрине, жастарымызға ел болып алаңдаймыз. Бұл шараны Семейден бастап отырмыз, енді Өскемен қаласында да жалғастырамыз. Кәмелет жасқа толмаған, бірақ, қор-қор, ішімдік, темекімен ұсталған жастардың ата-аналарын жауапкершілікке тартамыз.
Арайлым Есімбекованың айтуынша, көптеген түнгі ойын-сауық орталықтары есіктерінің сыртына ескерту тақтайшаларын ілмеген екен. Алдағы уақытта Семейдегі университеттердің заң мамандығына оқитын студенттер кезекшілікке шығып, кәмелетке толмаған жастардың түнгі уақыттағы мінез-құлқын қадағалауға атсалысатын болмақ.
Раушан НҰҒМАНБЕК,
Семей