Бұл, менің ойымша, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің заңды жалғасы іспеттес жоспар. Естеріңізде болса, Астанадағы ЭКСПО көрмесі аясында 100-ден аса мемлекеттің, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері «Болашақтың энергиясына» байланысты XXI ғасырдағы әлемді мазалаған негізгі энергетикалық мәселелерді талқылап, шешімін тапқан алаңға айналған еді.
Газдандыру бастамасы алдымен елді энергиямен қамтамасыз етудің аймақтық тепе-теңдігін қалыптастыратындығына көз жеткізіп отырмын. Газ құбыры солтүстікке дейін жетіп, әлеуметтік және экономикалық серпілістерге жол ашады.
Сондай-ақ табиғи газ қоршаған ортаға залалы аз отын болғандықтан, экологияның жақсаруы келер ұрпақтың дені сау болуына ықпал етеді. Тиісінше, денсаулық сақтау саласының жүгі де жеңілдей түседі.
Ең бастысы, халықаралық инвесторларды тартуға жағдай туғызатын бұл жобаның стратегиялық маңызын да жоққа шығаруға болмайды. Бір сөзбен айтқанда, Президенттің бес бастамасы елді өлшеусіз табысқа кенелткелі отыр.
Паскаль ЛОРО,
Шуазель институтының президенті,
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Франция павильонының бұрынғы комиссары