«Бұрынғы өзен вокзалын қалпына келтіріп, балық мейрамханаларын ашуды қолға алу керек», – деді шаһар басшысы. Бұл ұсынысқа жергілікті кәсіпкерлер де қызығушылық танытып отыр.
«Амангелді» ЖШС директоры Сәбит Сағидуллин әкімдік берген өзен трамвайлары жүретін екі айлақты алға қарай абаттандырғылары келетіндерін айтады. Мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жоспарланған жұмыстар қатарында өзен вокзалын салу да бар. Қазір вокзал құрылысының жобасы әзірленуде. Қос құрлықты бөліп жатқан Жайық өзенінде вокзалдың болуы мұнайлы мекенге туристер тартуға оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ