Оған 4 пен 6 жас аралығындағы балдырғандар қатысты. Олар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты: балдырғандарды таныстыру, өнер, сән үлгісі.
Байқауға ауданымыздың әр ауылынан өнерлі балалар жиналды. Олардың ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы мектебіміздің «Еркетай» шағын орталығының талантты әрі сүйкімді тәрбиеленушілері Інжу Жұмкен мен Кәусар Мұрат шағын орталығымыздың намысын қорғады. Байқау нәтижесі бойынша Кәусар Мұрат 3-орын алса, Інжу Жұмкен «Талантты әнші» аталымын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мөлдір ӘСЕТҚЫЗЫ,
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы мектептің көркемдік жетекшісі
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы,
Жаңажол ауылы