Аймақтар • 09 Сәуір, 2018

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Түмен облысына барды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Болат Бақауовтың бұл жұмыс сапары  Түмен облысының губернаторы Владимир Якушевтің шақыруымен ұйымдастырылды.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Түмен облысына барды

Облыстық әкімдіктің  хабарынша, мұнай өңдеу және мұнай-химия саласы бойынша   өңірлер  арасында екі жақты қарым-қатынас орнатудың жолдары қарастырылды. Біздің облыстан барған  делегация Түмен облысының инфрақұрылымын дамыту агенттігінде Технопарк, IT-парк, бизнес-инкубатор жұмыстарымен танысты. Антипин мұнай өңдеу және «Электросталь Тюмени» металл зауыттарын аралады. 

Түменде өндірілетін бензинді  өңірге жеткізу жайы айтылды. Кәсіпорын жылына 9 миллион тонна мұнай өндіреді.  Зауыт мамандары мұнайдың қалай  өңделетінін таныстырды. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет пен Түменнің мемлекеттік университетімен, мұнай-газ университетімен, биотехнология және ветеринарлық медицина институтымен жаңа жобаларды жүзеге асыру  жайында келіссөздер жүргізді.  «Түмен сүт фермалары» кәсіпорындарында және «Юбилейный» агрохолдингінде болып, олардың тәжірибесімен танысты. 

Түмен мен облыс арасындағы  сыртқы сауда көлемі 1,4 млн. АҚШ доллары жеткен.  Өйткені, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ресми және іскерлік ортаның өңіраралық осындай кездесулерінің мүмкіндігі мол. Сапар соңында облыс делегациясы Түмен облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясы өкілдерімен кездесті.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген: Валерий Бугаев