Аймақтар • 09 Сәуір, 2018

Қарағанды облысында тасқын қаупі жіті бақылауда

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

 

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов тікұшаққа мініп, су тасқыны қаупі бар аумақтарды әуеден шолып өтті. Атап айтқанда, авиамаршрут Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарын қамтыды. Тасқын қаупі бар деген Самарқан, Шерубай-Нұра, Ынтымақ, Жартас және Ащысу су қоймалары мен Нұра, Шерубай-Нұра, Ащысу, Матақ және Жарлы өзендерінің арналарына шолу жасалды. 

Қарағанды облысында тасқын қаупі жіті бақылауда

Өткен жылдармен салыстырғанда, биыл қар суының көлемі төменірек. Әуеден бақылау барысында өзендердегі су деңгейінің төмендегені байқалады, судың арнадан асып кету қаупі әзірге жоқ дегенді айтады мамандар.

Қазіргі таңда Самарқан су қоймасынан 15 м³/с, Ынтымақ су қоймасынан 20 м³/с көлемінде су жіберілуде. Ірі су қоймаларынан уақытында су жіберіп отыру шарасы өзендердің арнасын шайып өтуге, сондай-ақ су қоймаларында еріген қар суын сыйдыратын бос орын дайындауға мүмкіндік берді.

580 шақырымнан астам қашықтықты құраған авиашолу барысында тікұшақ ішінде өңір басшысымен бірге облыстық ТЖД бастығы Ыбрахым Күлшімбаев, аталған аудандардың әкімдері, мемлекттік орган жетекшілері болды.

Аймақтағы су тасқынына қатысты жағдай қалыпты және үнемі бақылауда. Арнайы құрылған жедел штаб жағдайды уысында ұстап отыр.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ