Кездесу тараптар инвестициялық ынтымақтастықты, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, транзиттік тасымалдар мен азаматтық авиация саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқыланды.
Жеңіс Қасымбек соңғы жылдары екі ел арасындағы қатынастардың даму динамикасы өскенін атап өтті. Мысалы, Қазақстан мен Литва арасындағы теміржол транзиттік тасымалы 27,1%-ға өсті. Ол сондай-ақ Литва компанияларын «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында екі елдің транзиттік әлеуетін іске асыруға белсенді қатысуға шақырды. Биыл оң динамика сақталуда. Тек қана қаңтар айының өзінде транзиттік тасымал 2 есеге өсті. 2018 жылдың қаңтарында теміржол транзитімен тасымалданған тауарлардың көлемі 15,53 мың тоннаны құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,67 мың тоннаға артық (5.86 мың тонна).
Елші Витаутас Наудужас сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара ынтымақтастық салаларын кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.
2017 жылы елдер арасындағы тауар айналым 2016 жылмен (324,4 млн.) салыстырғанда 2 еседен асып, (122,7%) артып, 722,3 млн. долларды құрады. 2016 жылмен салыстырғанда Қазақстанның Литваға экспорты (шамамен 240,9 млн. АҚШ доллар) 2,5 есе (130%) өсті және 554,3 млн. АҚШ долларын құрады. 2018 жылдың 27 мамырынан бастап SCAT қазақстандық әуе компаниясы Астана-Вильнюс жаңа әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр (рейстер VS-Boing 737 әуе кемесімен аптасына 2 рет, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады).