Саясат • 09 Сәуір, 2018

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь Үкіметі арасындағы заңға қол қойды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Беларусь Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь Үкіметі арасындағы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 11 сәуірдегі Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.