Нәтижесінде 8 608, оның ішінде құрылысын салу кезеңінде 6 139, пайдалану кезеңінде 2 469 қосымша жұмыс орнын құру жоспарлануда.
– Жобаларды іске асыру есебінен 1 587 жұмыс орындарын құру жоспарлануда. 8,3 млрд. теңге сомасына инвестициялар тартумен 11 жоба бойынша МЖӘ шарттары жасалынды, олардың қатарында тұрғын үй құрылысы бойынша құны 2 338 млн. теңге тұратын 1 жоба, білім беру саласына қатысты 2 034 млн. теңгеге есептелген 8 жоба, денсаулық сақтау саласы бойынша51 млн. теңге құрайтын 1 жоба және дене шынықтыру және спорт саласына 3 861 млн теңгелік 1 жоба бар. Жобаларды іске асыру есебінен 1 313 адам жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, 110 млрд. теңге сомасындағы 10 жоба іске асыру сатысында тұр, – деді Маңғыстау облысының өңірлік МЖӘ орталығы АҚ басқарма Төрағасы Елдан Әлібеков.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы