Аймақтар • 09 Сәуір, 2018

Маңғыстау мектептері мамыр айында 100 % кеңжолақты интернетпен қамтылады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы  Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова мәлімдеді.

Маңғыстау мектептері мамыр айында 100 % кеңжолақты интернетпен қамтылады

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда облыстағы оқу орындарында 6200 компьютер бар. Олардың 694-і ауыстыруды талап етеді. Көбі ескірген компьютерлер  және 1 компьютерге 13 оқушыдан келеді.

2018 жылға арналған жергілікті бюджеттен бұл мәселені шешу үшін 300,0 млн. теңгеге 1580 компьютер сатып алу қарастырылған. Барлық мемлекеттік мектеп интернет пайдалана алады. 124 мектеп (92,5%) кең жолақты интернетке қосылған.

– Қазіргі таңда мектептерді 100% кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде. 134 (100%) мектеп «Bilim Media Group» компаниясының цифрлық білім беру ресурстарына қосылған. Мұғалімдер мен ата-аналар үшін «Дерек» атты азаматтардың өтініштері электрондық жүйелердің мобильді қосымшалары енгізілді. Мектептердегі Wi-Fi қолжетімділігі – 75%, – деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы аталмыш саланың компьютерлендірілуі жайында.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы