Қазіргі уақытта аталған ішкі бағдарламалар аясында облыста 57 жоба жүзеге асырылуда. Бұл ретте «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Үш тілде білім беру» жобасын ерекше атап өтуге болады. Өткен жылы аймақтың 2430 мұғалімі тілдік курстарды тәмамдады. Ағылшын тілі пәнінің барлық мұғалімдері емтихан тапсырды. Қазіргі уақытта 23 мұғалім 14 қанатқақты мектепте 8-сынып оқушыларына жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізуде. Биыл тағы да 1300 мұғалімді оқыту жоспарланған.
«Рухани білім беру» жобасы аясында былтыр облыстық білім басқармасы мен дін істері жөніндегі басқармасының бірлесуімен ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, ұзын саны 162 адам 3 айлық курстан өткізілген. «Білікті маман» жобасы шеңберінде өңірдегі жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ғылыми-техникалық және зерттеу базаларын жақсартуға, облыстағы мектеп бітірушілердің басқа елге кетуін азайтуға айрықша көңіл бөлінуде. Осы мақсатта 2017 жылы облыстық бюджеттен 200 грант бөлінсе, 2018 жылы 400 грант қарастырылып отыр. Осының нәтижесінде шетелге, оның ішінде Ресейге кететін түлектер саны біршама азайған (2016 жылы – 1800, 2017 жылы – 890, 2018 жылы – 612).
«Рухани қазына» ішкі бағдарламасы бойынша облыста 16 жоба жүзеге асырылуда.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы