Қазақстан • 12 Сәуір, 2018

Өнер оқиғасы – «Отелло»

840 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының У.Шекспир пьесасы бойынша сахналанған «Отелло» трагедиясының премьерасы өтті. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның халық әртісі, профессор Талғат Теменов.

Өнер оқиғасы – «Отелло»

«Отелло» трагедиясының – У.Шекспир шығарма­шы­лы­ғынан алар орны ай­рықша. Шым-шытырық қай­­шылыққа құрылған күр­делі драматургияны иегеру – қай кезде де актерлер үшін үлкен мектеп һәм аса зор жауапкершілік болған. Шы­ғарма сол тұғы­рынан тит­тей де түскен жоқ. Әлі де құнды, әлі де өзекті, әлі де қы­зықты. Қазақ театр сахнасында Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Шәкен Ай­ма­новтар кескіндеген Отел­ло бейнесін бүгінде дәс­­түр сабақтастығын үз­бей, абыройлы жалғап келе жат­қан театрдың белді ак­тері, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Қуан­дық Қыстықбаев, Дез­де­мона бейнесін нәзіктігі мен сұлу­лы­ғы бір арнада тоғысқан жас актри­са Ақмарал Та­на­бае­ва кес­кіндеді.

Яго бей­не­сі Қа­зақстанның ең­бек сі­ңір­­ген қайраткері Нүр­кен Өтеуі­ловтің сараптауында бей­­нелілік биігінен көрінді. Қа­­зақстанның халық әртісі Ті­лектес Мейрамов Бра­бан­цио рөлі арқылы актер­лік өнер­дің тағылымын танытты.

Астаналық Қаллеки теа­тры­ның үздік актерлері мен кәсіби мамандары тар­тылған қойылым театр ұжы­мы үшін де, көрермен үшін де шын мәнінде рухани мерекеге айналды. М.Әуезовтің қазақы құнарға бай бейнелі тілінде үн қатқан Шекспир жауһары елордалық көрерменнің көңіліне берік бекіп, өнер оқиғасын тамашалауға жиыл­ған жұрт риза болып тарқасты.

 

Назерке Жұмабай,

«Егемен Қазақстан»