Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Мемлекет тәуелсіздігі кезеңінде Қазақстан демократиялық мемлекет негіздерін құру үшін кең ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. Бұл ретте мемлекет саясатының басты артықшылығы – денсаулық сақтауды дамыту. Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері, туудың артуы, бала мен ана өлім-жітімінің азаюы, медициналық-демографиялық жағдайдың жақсаруы еліміздің дамуына үлкен ықпалын тигізді. Осының арқасында ана мен бала денсаулығының негізгі көрсеткіштері 1991 жылы 1000 жаңа туылған баланың ішінде нәресте өлімі 19,6 % болса, ал 2010 жылы 16,5-ке дейін азайды. Ана өлімі 1991 жылы 60,9 % құраса, ал 2010 жылы 23,1-ге дейін азайды (100 мың жаңа туылған баланың ішінде). Стратегиялық түсінік тұрғысынан халықтың саулығы, ел мен мемлекеттің болашағы тікелей ана мен бала денсаулығына байланысты.
Елбасымыз медициналық көмек сапасының одан әрі жақсаруы мен жоғары технологиялық денсаулық сақтау жүйесінің дамуын қазақстандықтардың өмір сапасын арттырудағы негізгі артықшылықтардың бірі ретінде жариялады.
Орталықта дене салмағы өте төмен және төтенше төмен жаңа туылған сәбилерге күтім жасау, церебральды және инфекциялық патологиясы бар жаңа туылған сәбилерді емдеу, асқазан-ішек жолы, жүрек-тамыр, қолқа-өкпе, зәр шығару жүйелері дамуының туа біткен ақауы, қан аурулары бар балаларды хирургиялық және консервативті жолмен емдеу әдістерін жетілдіру, балалардағы муковисцидоз, қолқа демікпесі, целиакияны емдеу мәселелері енетін ірі ғылыми-зерттеулер қатары жүргізіледі.
ПжБХҒО-да ғылыми-зерттеулер мен өңдеулерді жүзеге асыру үшін заманауи клиникалық-зертханалық база бар, компьютерлермен және заманауи телекоммуникациялық байланыспен (медициналық мәліметтер қорының үлкен таңдауы және түрлі медицина бөлімдері бойынша арнайы іздеу мүмкіндігі бар ғаламтор жүйесі, электронды пошта, телемедицина) жабдықталған.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында материалдық-техникалық база айтарлықтай жақсарды, орталық заманауи құрылғымен жабдықталды. Жақсы материалдық база науқас балаларды терең кешенді тексеруді, заманауи емдеу әдістерін, жаңа дәрі-дәрмектерді пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Орталықтың 200 орындық жеке клиникасы және 25 клиникалық және параклиникалық бөлімшелері бар. Клиникада коллагенозды, ревматоидтық артриттерді, қолқа демікпесін, ұзаққа созылған пневмонияны, гастритті, целиакияны, лейкоздарды, апластиялық анемияны, гистиоцитозды емдеуде жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі, жаңадан тым шала туылған сәбилерге күтім жасалады, дамудың туа біткен ақауы бар жаңадан туылған балаларды құтқаруға мүмкіндік беретін ақаулар хирургиялық жолмен емделеді, сондай-ақ түрлі күрделі-соматикалық және хирургиялық патологиясы бар балалар емделеді. Неміс-австриялық BFM тобының хаттамасы бойынша бала жастағы өткір лейкоз және басқа да онкогематологиялық ауруларды емдеудің заманауи бағдарламалары енгізілген.
ПжБХҒО мамандары ауыр науқастарға байланысты кеңестер алу үшін Республика облыстарымен бейнеконференцбайланыс сеанстарын жүргізуге, сондай-ақ лекциялар мен семинарларға қатысады. Педиатрия және бала хирургиясы бойынша тақырыптық жетілдіру циклдары жүргізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік-құқықтық базасына сәйкес орталық мамандары аймақтарда балаларды алдын ала қараудың тоқсан сайынғы талдауын жасайды. Баланы алдын ала медициналық қараудың (скрининг) статистикалық картасы жасалған, сондай-ақ жас категориясы мен мамандардың қарауы бойынша өзгерістер енгізілген: 1 жасқа толмаған балалар. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау қарсаңында Бала кардиохирургиясы мен интервенциялық кардиология бөлімшесі, сондай-ақ сүйек майының трансплантациясы бөлімшесі бар онкогематология орталығы үшін 150 орны бар қосымша жаңа ПжБХҒО корпусының ашылуы жоспарланып отыр. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Орталықта 2012-2015 жылдарға инновациялық медициналық технологиялар трансфертінің «Жол картасы» жасалынған. Орталыққа қызметкерлерді әлемнің озық клиникаларында оқыту және әрі қарай аймақтарға трансферттеу жолымен енгізу жоспарланған инновациялық технологиялар ұсынылған. Тәуелсіздік жылдарында жыл сайын бюджеттік мекемелерді қаржыландыру өсуде, материалдық-техникалық база айтарлықтай жақсарды, мамандарды шетелде оқыту, жоғары технологияларды енгізу мүмкіндігі туып отыр.
Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы еліміздің сәбилеріне жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге дайын, себебі балалар біздің болашағымыз!
Сәуле НҮКІШЕВА, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Денсаулық сақтау министрлігі Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының директоры.