Үкімет • 16 Сәуір, 2018

Мүмкіндігі мол мұнайлы мекен

457 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен бес әлеу­меттік бастамасының, мемлекеттік және салалық бағдарлама­лардың жүзеге асу барысымен танысу мақсатында облысқа келген Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Мүмкіндігі мол мұнайлы мекен

Махамбет ауданындағы 11 елді мекеннің жетеуі Жайық өзенінің сол жақ бөлігінде орналасқан. Екі араны жалғайтын көпірдің жоқ­тығы, ауа райы қолайсыз кездері су­дан өтетін салдың жұмыс істе­мей­­тіні ауыл тұрғындарына біраз қолайсыздық туғызып келген еді. Жыл сайын жазатайым оқи­ғалар да болып жататын. Биыл Жайық өзенінің үстінен өте­тін көпір пайдалануға беріледі. Премьер-Министр Б.Сағынтаев жұ­мыс сапары барысында арнайы барып, көпір құрылысымен таны­с­ты. Көпір «Ақтөбе – Атырау – Астра­хан» автожолының бір бөлі­гіне ай­на­­л­ады: ол Ақтөбеден Аст­ра­ханға д­ейінгі жолды қысқар­тып, тран­зит­тік көлік ағынын Атырауға кір­гіз­бей өткізуге мүмкіндік береді.

Арнайы экономикалық аймақтың әлеуеті зор

Б.Сағынтаев облыс орта­лығын­дағы «Ұлттық ин­дус­т­рия­лық мұнай-химия техно­паркі» ар­найы экономикалық айма­ғын­дағы полиэтилен өндіре­тін зауыт­­пен және газ-турбиналы электр стансасының құрылыс жұмыстары­мен танысты. Үдемелі ин­дус­триялық-инновациялық да­му бағ­дар­л­амасы аясында жүзеге асы­­рыл­ған Polymer Production зауы­тында жылына 15 мың тонна полип­ропилен жабынын шығаруға мүмкіндік беретін технология қол­данылады. Өндірісте 371 адам жұмыс істейді. Өткен жылы 2,2 млрд теңгенің өнімі сатылды.

«Атырау мұнай өңдеу зауы­тын­да мұнайды терең өндіру кешен­і­нің құрылысы» жобасы үдеме­лі индустриялық-инно­вациялық да­му бағдарламасы аясында іске асырылды, бұл зауытты жаңғыртудың үшінші, соңғы кезеңі. Атырау облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр аталған зауыттағы жаң­ғырту жұмыстарының аяқталу барысына көз жеткізді.

Жүргізілген жаңғырту жұмыс­та­ры мұнай өңдеу тереңдігін жә­не зауыт қуаттылығын жылына 5-тен 5,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, жылына 2,4 млн тонна шикізатты өңдеуге жол ашады, сонымен қатар жоғары октанды бензиннің, авиация және дизель отыны өндірісін ұлғайтуға ықпал етеді. Осылайша жылына 5,5 млн тонна мұнай өңдеу арқылы АМӨЗ жыл сайын 1,745 млн тонна автокөлік бензинін, 1,64 млн тонна дизель отынын, 244 мың тонна авиакеросин шығаратын болады.

«Цифрлы кен орны» – бірегей жоба

Мұнайлы аймақтағы іргелі кәсіпорындардың бірі – «Ембі­мұнайгаз» АҚ. Премьер-Ми­нистр «Ембімұнайгазға» да ба­рып, өндірістік процестерді ви­зуа­­ли­зациялау орталығының жұ­мы­­сы­мен және «Цифрлы кен орны» жобасының жоспарларымен танысты.

«Зияткерлік кен орны» жобасы немесе «Цифрлы кен орны» – мұнай-газ саласының маңыз­­­ды бағыттарының бірі және «Цифр­лы Қазақстан» мем­лекет­­тік бағдарламасының іс-шара­лар тізіміне қосылған. Бұл мұнай-газ саласын басқарудың авто­мат­тандырылған жүйесі, ол жекелеген жүйелерді бірыңғай инте­гра­­цияланған ақпараттық жүйеге бірік­тіру арқылы максималды тиімді­лік­ке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы жобаның арқасында мұнай өндіру көлемі 3%-ке дейін өсіп, мұнай өндіру коэффициенті 2-5%-ке артады, ал шығындар 15%-ке азаяды.

Жаңа технологиялық революцияға дайындық

Қазақстанның үшінші жаңғы­руын іске асыру барысы мен облыстың экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптас­тыру­дағы рөлі Премьер-Министр­дің облыс активімен және кәсіпкер­лермен кездесуінде талқы­ланды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жобалық басқару аясында өңір­дің әлеуметтік-экономи­калық дамуының мақсатты көрсет­кіштеріне қол жеткізу туралы баяндады. Отын-энер­гетика және агроөнеркәсіп кешен­дерін дамытудың, білім беру мен денсаулық сақтауды жаңғыр­тудың, технологиялық жаңғырту мен «Индустрия 4.0» шараларын жүргізудің, инвестициялар тарту мен өндірістік жұмыспен қам­тудың негізгі бағыттары да жиын барысында кеңінен айтылды.

Кездесуде Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, Энергетика министрі Қ.Бозым­баев, Еңбек және халықты әлеу­­меттік қорғау министрі М.Әбіл­қасымова, Білім және ғылым ми­нистрі Е.Сағадиев өз салалары бойынша түсініктеме берді. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов биз­несті дамытудың өзекті мәсе­лелері жайында мәлімет келтірді.

Б.Сағынтаев инвестиция­ларды тарту, экономиканың жаңа салаларын дамыту жұ­мыс­­та­рын жүргізудің маңызды­лы­ғын атап өтті, сондай-ақ Үкімет пен әкім­діктердің жаңа техноло­гиялық револ­юцияға дайын болуының ма­ңыз­дылығына айрықша мән берді.

Бар жақсылық – жастарға

Премьер-Министр Д.Нүрпе­йісова атындағы Атырау музыка колледжін аралағаннан кейін студенттермен және білім беру саласы өкілдерімен кездесті.

Б.Сағынтаев болашақ маман­дықтар бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттарды көбейту, еңбек нарығындағы өзгерістерді және цифрландыру мен авто­маттандыру жаңалықтарын ескере отырып, қажетті дағдыларды үйрету туралы сөз қозғады. Студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Үкімет «Президенттің бес әлеу­меттік бастамасын» іске асы­ру аясында жол картасын қа­был­дады. Ол студент жастарды жатақханамен қамтамасыз етіп, бүгінгі таңда сұранысқа ие техникалық бағыттағы мамандарды дайындау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Кез­десуде Білім және ғылым ми­нистрі Е. Сағадиев білім алудың қол­жетімділігін арттыру және жатақханалармен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту және техникалық ма­ман­дықтарға мамандарды даяр­лау туралы айтып берді. Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев Мем­лекет басшысының бес бастамасын орындау мақсатында өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Атырау қалалық емханасында Премьер-Министр денсау­лық сақтау жүйесін цифрландыру барысымен танысты. Облыс­тың медицина саласының қыз­мет­керлерімен кездесуде Б.Са­ғынтаев денсаулық сақтау жүйе­сін жаңғырту бойынша көлемді жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Премьер-Министр жұмыс сапары барысында Атырау облысында жүзеге асып жатқан жарқын бастамаларға, ел игілі­гін еселеген инвестициялық жо­ба­ларға куә болды. Мемлекет бас­шы­сының тапсырмаларын, жолдаулары мен бес әлеуметтік бас­тамасын, мемлекеттік, сала­лық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін аймақта қажет жағ­дай­дың бәрі бар екеніне көз жеткізді.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»             

Атырау облысы