Аймақтар • 16 Сәуір, 2018

«Рухани жаңғыру» бойынша жүзеге асырылған жұмыстар аз емес

532 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған мін­дет­терді жүйелі жүзеге асыру мақ­сатында облыста 79 жоба жүзеге асты. 100 ірі көлемді шараны қам­титын 4 кіші бағдарлама («Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны») жақ­сы нәтижесін берді.

«Рухани жаңғыру» бойынша жүзеге асырылған жұмыстар аз емес

Бағдарламаның қабылдануымен бюджеттік және бюджеттен тыс көздерден 81 жоба жүзеге асы­рыл­ды. Оның ішінде 52 жоба немесе 64,1 пайызы аймақтың үкі­мет­тік емес секторының әлеуетін тарта отырып жүзеге асырылуда, со­нымен қатар 651 ауқымды шара ұйым­дастырылды.

«Zhastar Camp Qyzylorda-2017» шеңберінде жастардың ой-санасын жаңғыртудың кейбір аспектілері бойынша 1000 жас үшін 2017 жыл­дың маусымында Жаңақорған ау­данындағы «Тау самалы» демалыс лагері базасында оқыту семинар­лары ұйымдастырылды. Бұл бағыт­тағы жұмыстарға өңірімізде 42 бел­сенді жастар ұйымы, 8 еріктілер және 39 жас спортшылар ұйымы жұ­мылдырылды. Жастар ұйымдары өңіріміздегі жоғары, арнаулы және орта оқу орындарымен бірлесіп 1136 іс-шара өткізді.

«Тәрбие және білім» бағытын жүзеге асыруға өңірдегі жоғары оқу орындарының және білім беру ұйымдарының оқытушылық құрамының 80%-ы жұмылдырылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ту­ған жер» бастамашыл топ және «Bu­siness Start» жобалық кеңсе құрылса, «Мәңгілік ел» ғылыми-практикалық орталық пен «Ақиқат» пікірталас клубы жұмыс жасауда.

«Рухани жаңғыру», «Мәңгілік Ел және ұлттық дәстүр», «Жергілікті зерттеулер», «Мемлекеттік этносаясат негіздері», «Өркениеттің негіздері», «Мәдени мұра», «Рухани және адамгершілік тәрбие жүйесі», «Мәдениеттану», «Саясаттану және әлеуметтану» тақырыбындағы арнайы пәндер енгізіліп, тақырыптық кафедралар ашылды.

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасын ақпараттық сүйемелдеу аясында республикалық және ай­мақтық бұқаралық ақпарат құ­рал­дарында 7172 материал жарияланды. «Kyzylorda-news» интернет-ре­сурсында, облыс әкімінің порталында, облыстық, қалалық және аудандық басылымдарда мақалалар жарық көрді. Сонымен қатар, аймақтық басылымдарда «Рухани жаңғыру», «Статья Президента РК: резонанс», «Серпін», «Үн қосу», «Мезгіл мәселесі», «Пікір мен
пайым» рубрикалары ашылды.

«Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналарында «Өзекжарды», «Мезгіл мәселесі», «Жаңа күн», «Қазақстан – 2050: дамудың даңғыл жолы», «Алқа», «Туған өлкем», «Мәртебелі мамандық» телехабарлар циклында сюжеттер мен жұртшылық лебізі берілді.

2017 жылдың сәуір айынан бастап «Рухани жаңғыру» тақырыбында 14 видеоролик «Qyzylorda» телеарнасынан күн сайын көрсетілуде. Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде «Рухани жаңғыру», «project_office_ruhanizhangyru» парақшалары ашылды. Бұл блогплатформаларда Сыр елінің тарихи жерлері, аймақтың мәдени мұрасы және облыстың 100 жаңа есімі туралы ақпараттар суреттерімен қоса жарияланады.

 «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсе аясында азаматтарды қабылдау күнделікті жүргізілуде. Бұл қабылдаулар жөнінде хабарландырулар облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бағалау мақсатында 2 айда бір рет әлеуметтік сауалнама арқылы халықтың ақпараттандырылу дең­гейі зерттеледі. Сауалнама нәтижесі барлық көрсеткіштер бо­йынша оң нәтиже көрсетті.

Нұрлыбек МЫҢЖАС,

облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры

Қызылорда облысы