Парламент • 16 Сәуір, 2018

Жергілікті өзін өзі басқару қадамдары қандай?

908 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бес институционалды реформаны іске асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы «Азаматтардың шешім қабылдау процестеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы белсене қатысуы керектігіне» (97 қадам) айрықша назар аударып, оның даму жолын үш кезеңге бөлген. 2016 жылдан басталған бірінші кезеңде бағдарламалық құжаттарды қабылдау, жергілікті өзін өзі басқару қауымдастықтарын дамыту қарастырылған. 2018 жылдан басталған екінші кезеңде әкімшілік-аумақтық бөліністердегі 2 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мен коммуналдық меншік институтын енгізу көзделген. 

Жергілікті өзін өзі басқару қадамдары қандай?

Осы іс бойынша қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару туралы» Заңға сәйкес аудандық мәс­ли­хат­тар (облыстық бағы­ныс­та­ғы қала) жергілікті жина­лыс­қа сайланған қаты­сушыларды жер­гілікті қауым­дастық жина­лы­сының регламенті бойынша 4 жыл мерзімге бекітетін бол­ған. Осыған байланысты біз Пре­мьер-Министр Бақытжан Сағын­та­евтың атына депутаттық сауал жол­дап, төмендегі сұрақтарға жау­ап беруін өтінген едік:

1. Облыстар бойынша жер­гілікті өзін өзі басқару қау­­ым­дастықтарын дамыту бой­ын­ша қандай бағдарламалық құ­жаттар қабылданды?

2. Бүгінгі таңда аймақтар бой­ын­ша 2 мыңнан артық тұр­ғыны бар қанша әкімшілік-ау­мақ­тық бірлік бар? Жергілікті қау­ымдастықтар жиналысының рег­ламенттері жаппай бекітілді ме, олардағы қатысушыларының құ­рамы анықталды ма?

3. Жергілікті бюджеттерді қарас­тырғанда жергілікті қауым­дас­тықтармен келісілді ме, оларды аудандық мәслихаттар бекітті ме?

4. Жергілікті қауымдастықтың әрқайсысының бюджетіне қанша қара­жат бөлінді және олардың қайда жұмсалатындығы жоспарланды ма?

5. Жергілікті қауымдастықтың бюджетіне түсуге тиісті көлік жә­не жер салықтарының жалпы кө­ле­мі қандай болды?

6. Жергілікті өзін өзі бас­қарудың коммуналдық меншігіне қанша нысан беру жоспарланған?

7. Жергілікті өзін өзі бас­қа­ру­дың дамуына орталықта және жергілікті жерде қандай мем­лекеттік орган жауапты?

8. Олар өз жұмыстары жөнін­де қандай мерзімде есеп беріп оты­рады?

Міне, осы сұрақтардың бәрі­не жуырда Үкіметтен толық жау­ап алдым. Онда Қазақстан Рес­­­­публикасының жер­­гі­лік­ті өзін өзі басқаруды дамы­ту мә­­селелеріне қатысты бағ­да­р­­­­­­­ламалық құжаттар, жер­гі­лі­к­­­­ті қоғамдастықтың рег­ла­ме­н­ті, қоғамдастықтың бюд­же­ті, «же­р­гілікті өзін өзі бас­қа­ру­дың ком­муналдық мен­ші­гіне» бе­ріл­­ген нысандар, өзін өзі бас­қа­руды дамытуды ұйым­дас­ты­ратын орталықтағы және жергілікті жерлердегі жауапты мемлекеттік органдар, сондай-ақ осы жұмыстардың нәтижелері бойынша берілетін есептер туралы толық ақпарат беріліп, бізді қанағаттандырды.

Төлеубек МҰҚАШЕВ,

Сенат депутаты