02 Желтоқсан, 2011

Елбасының ерен еңбегі мен тарихи рөлі заңдық тұрғыдан жоғары мемлекеттік марапатқа лайық деп табылды

614 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен па­латаның кезекті пленарлық отырысында Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздің жоғары мемлекеттік наградасы – «Халық Қаһарманы» атағына ұсыну туралы мәселе заңдық тұрғыдан қаралды. Заң жобалары қаралмас бұ­рын Сенат Төрағасы ұсыну ту­ралы мәселенің маңызын ашып көрсетті: «Зама­ны­мыз­дың аса көр­некті реформаторы, өңірлік және жаһандық бастамалар мен батыл шешімдердің ұйыт­қысы, бүкіл әлем мойындаған биік беделді саясаткер ретінде Нұр­сұл­тан Назарбаев ең жо­ғар­ы мемлекеттік награда – «Халық Қаһарманы» атағына лайық екендігі ақиқат, – деді Қай­рат Әбдіразақұлы. – Бұл жөнінде бұрын да талай бастама көте­ріл­ген, бірақ Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы өзі­не тән қарапайым­ды­лық­пен ұсы­ныстардан үнемі бас тар­тып келеді». Қ.Мәми келесі кезекте ұсы­ныл­ған толықтырулармен тәуел­сіз­дік­тің іргетасын қалап, дербес мемлекетімізді құру және дамы­тудағы, әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстан беделін нығайтудағы Елбасының тарихи рөлі бекітілетінін атап көрсетті. Екі заң жо­басы қабылданған Қазақстанның жаңа тарихындағы ерекше күн – бүкілхалықтық сайлау арқылы Нұр­сұлтан Назарбаевтың Тұң­ғыш Президент болып сайлан­ға­нына 20 жыл толған күнмен нышандық тұрғыда сәйкес келіп отырғанының өзінде үлкен мән бар. Яғни, осыдан 20 жыл бұрын, 1991 жылғы 1 желтоқсанда бү­кіл­халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланған болатын. Сенат Төрағасы аталған заң жо­баларына толықтырулар арқылы Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Отанына сіңірген орасан еңбегі заң жү­зінде танылады және оны Қазақ­стан халқы толық қолдайды деп мен кәміл сенемін, деді Қ.Мәми. Елбасы мен Қазақстан халқын осы тарихи күнмен және аталған заңдардың Парламентте қабыл­дануымен құттықтады. Сонымен, «Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Рес­публикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу ту­ралы» Конституциялық заң және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары тура­лы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу тура­лы» заң жобаларын депутаттарға Әділет министрі Рашид Түсіп­беков таныстырды. Ол тарихи оқи­ғаны мерекелеу алдында Қа­зақстан Республикасының Үкіме­ті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасыға «Халық Қаһарманы» атағын заң­ды түрде бекітуді ұсынады, деді сөздеріне ерекше екпін салып. Заң жобалары қолдау тапса Ел­басыға мәртебесіне сәйкес ай­рық­ша ерекшелік белгісі: «Ал­тын Жұлдыз» және «Отан» ордені қоса тапсырылып, «Халық қа­һар­ма­ны» атағын иеленетін болады. Бұл ұсыныс Қазақстанның тәу­елсіз мемлекет ретінде қал­ып­тасуы мен дамуындағы Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тарихи рөлімен негізделген. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының басшылы­ғымен елімізде жиырма жылдан бері әлеуметтік, экономикалық, сая­си және құқықтық жүйелерді жетілдіру табысты түрде іске асы­рылуда. Қазіргі уақытта Қа­зақстан Республикасы халық­ара­лық аренада жоғары беделге ие. Қосымша баяндама жасаған Әлеуметтік-мәдени даму коми­те­тінің төрағасы Ақан Бижанов заң жобаларын 2011 жылдың 30 қарашасындағы кеңейтілген оты­рысында талқылап, Сенат оты­рысының қарауына енгізілгендігін тілге тиек ете кетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің бірлігін, Конс­ти­ту­цияның, адам мен азаматтың құ­қықтары мен бостандық­тары­ның қорғалуын қамтамасыз еткен, жа­ңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табы­лады. Оның жетістіктері Қазақ­стан халқы та­ра­пынан зор құр­мет пен сенім ту­ды­рады. Мемлекет басшысының кемел де сарабдал ішкі және сырт­қы саяса­тының нәтижесінде Қазақстан Республикасы айтар­лықтай эко­номикалық өсуге, ха­лықтың әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, бүкіл әлемдік қо­ғам­дас­тық­та биік беделге ие болды. Сон­дай-ақ заң жобалары бойын­ша сенаторлар Александр Савченко, Жабал Ерғалиев, Юрий Цхай, Ғани Қасымов, Мұхтар Алтын­баев сөз сөйлеп, Елбасының ел алдындағы ерен еңбегін жан-жақты ашып көрсетті. Талқылау нәтижесі бойынша заң жоба­ла­ры бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ отырыста бірқатар халықаралық келісімдер рати­фи­кацияланды. Қолданыстағы кейбір заңнамалық актілерге банк қыз­меті мен қаржы ұйымда­рын­дағы тәуекелдерді азайту тұрғы­сынан реттеу және отбасы үлгі­сіндегі балалар ауылы мен жас­өспірімдер үйлері мәселелері бой­ынша өзгерістерді көздейтін заң жобалары да қабылданды. Осы ретте Валюталық реттеу және ва­люталық бақылау мәселелері бой­ынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістерді қарастыратын заң жобасы қабылданғандығын айта кету керек. Және де адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.