Әлем • 17 Сәуір, 2018

Трамп Ресейге жаңа санкция салуды кейінге қалдырды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы бағытталған экономикалық санкция салуды тоқтату туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Vox.com.

Трамп Ресейге жаңа санкция салуды кейінге қалдырды

Жексенбі күні АҚШ-тағы БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Трамп админстрациясы Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуы мүмкін екені туралы хабарлаған. Бұл санкция Ресейдің Сирияға жасаған химиялық шабуылына тікелей байланысты.

Алайда, бір күннен соң Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Ақ үй Сириядағы химиялық шабуылдан соң Ресейге қатысты қосымша санкция салу туралы ойластырып жатқандығын, сонымен бірге бұл шешімнің әлі қаралып жатқанын хабарлаған.

Washington Post басылымының хабарлауынша, Дональд Трамп жексенбі күні ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшілеріне "санкция туралы ресми жарияланғанына көңілі толмайтынын, әрі оларды қабылдауға қатысты онша сенімді емес екенін айтқан".