Қазақстан • 18 Сәуір, 2018

Сапалы білімге ризашылық білдіреміз - Ұлжан Әуезова

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының қазіргі қоғамның ең өзекті мәселесін шешуге ық­палы мол. Әсіресе жоғары білім алу­дың қолжетімділігі 2018-2019 жылдары арта түспек. 

Сапалы білімге ризашылық білдіреміз - Ұлжан Әуезова

Жыл са­йын бөлінетін білім грантына енді тағы 20 мың грант қосылады. Оның ішінде 11 мың гранттың техникалық мамандықтарға қарастырылуы көңіл қуанта­ды. Еліміздегі нақты ғылым салалары мен робот-техника, нанотехнология сынды ғылымның жаңа салалары да дами түспек. Сондай-ақ Елбасының кемінде 25 мың орындық жатақхана салу туралы тапсырмасы жастарға үлкен қолдау. Себебі баспанасыз жүрген қаншама жастар бар. Үл­кен қаладан пәтер жалдауға әрқай­сысының жағдайы жетпесі анық. 

Мен Ш.Есенов атындағы Кас­пий мемлекеттік технология­лар және инжиниринг универ­си­теті­нің студентімін. Ауы­л­да туып-өстім. Қазір­гі таңда туыстарымның үйін­де тұра­мын. Университетте мен сияқ­ты туыстарының үйін­де немесе үй жалдап тұратын қан­шама студент бар. Күнделікті тіршілікпен қоса, үй жалдап тұруға қаражат табу екінің біріне оңайға түспейді. Осы бағытта Мем­ле­кет басшысы жастардың әлеу­мет­тік жағдайын жақсартып, сапалы білім алуына жағдай жасап жат­қанына ризамыз. 

Ұлжан Әуезова, 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенті