Бұдан бөлек, елде индустрияландыру үдерістеріне қатысты да атқарылған жұмыстар аз емес. Осы орайда Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы басталғанын, индустрияландыру бағдарламасы іске асырылып жатқанын, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қолға алынғанын, «Қазақстан-2025» Стратегиялық жоспары әзірленгенін айтуға болады. Қазақстанда технологиялық революцияның, технологиялық жетістіктердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, экономикалық даму деңгейін арттыруға кеңінен жол ашылып отыр.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев биылғы Жолдауында елдің қоғамдық-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін нақтылап берді. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында Қазақстанның жаңа технологияларды, әсіресе цифрлы технологияларды пайдалану, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, қаржы, еңбек және құрылыс салаларын дамыту деңгейін жақсарту мәселелеріне кеңірек тоқталуы көптің көңілінен шықты деп ойлаймыз.
Бұған қоса, Президент әлеуметтік менеджменттің деңгейін көтеруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге және заң үстемдігін нығайтуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану Қазақстанды дамыта түсетінін, тиімді басқаруды және экономикалық дамудың жылдамдығын арттыруға жол ашатынын атап өтті.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономиканы дамытудың қазақстандық бағдарламасын таныстырды. Қазіргі уақытта әлемдік экономика әлі де қалпына келуде, ал мемлекеттер экономикалық дамудың жаңа жолдарын зерттеп жатыр. Осыған байланысты халық шаруашылығын дамытуды ынталандыру және әлеуметтік менеджменттің деңгейін көтеру үшін цифрлы экономика мен төртінші индустриялық революцияның технологиялық құрылымын дұрыс қолдану аса маңызды. Бұл мәселе барлық елдердің алдында күн тәртібінде тұр.
Осы тұрғыдан келгенде, Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы елді дамытудың тамаша әрі толыққанды жоспары болып табылады.
Біз Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан бұдан да үлкен жетістіктерге жететініне сенеміз. Елдің аймақтық және халықаралық істерге ықпалы күшейе түседі және халықаралық мәртебесі жоғары болады.
Лю ХУЧИН,
ҚХР Сауда министрлігі жанындағы
Халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясының аға ғылыми қызметкері
Қазақстандағы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған құжат – «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» ұлттық тұтастықты нығайтуға, әлеуметтік саланы бекемдеуге ерекше көңіл бөлінгендігін атап өткім келеді. Мәселен, баспана қолжетімді болса, жастар грант арқылы тегін білім алса, ол мемлекеттің болашағы баянды болмақ.
Бұл – жаһандану заманында ұрпақтың нанотехнологияны алаңсыз игеріп, уайымсыз өсуіне бағытталған негізгі жоба. Әлеуметтік салаға бағытталған түрлі бағдарламаларды жұрт болып жүзеге асырғанда ғана, ұлы мақсаттарға жетуге болады. Сол себепті бұл барлық әлеуметтік бастамалар өте маңызды. Мысалы, халықты баспанамен қамту, көгілдір отын жеткізу, салық төлемдерін мейлінше азайту көпшіліктің әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсер етеді. Шағын несиелік инновациялық жобалар мен «7 – 20 – 25» бағдарламасы да бүгінгі нарықтық экономикада әлеуметтік бағыттың дамуына негіз болады.
Равшан НАЗАРОВ,
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы тарих институтының
«Заманауи тарих және халықаралық зерттеулер» бөлімі меңгерушісінің орынбасары