Қазақстан • 19 Сәуір, 2018

Каирде қазақ әуені қалықтады

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

11-14 сәуір аралығында «Ру­ха­ни жаңғыру» бағдар­ла­­масының, сондай-ақ Астана қа­ласының 20 жыл­дығы аясында Каир жә­­не Александрия опера театр­ларында Қазақстан Рес­пуб­ликасының халық әрті­сі, Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетінің ректоры Ай­ман Мұ­сақожаеваның басшы­лы­ғы­мен университеттің «Kazakh Eli Classic» атты кон­церттері өтті. Оркестрге әй­гі­лі маэ­стро Айдар Торыбаев же­тек­­шілік етті.

Каирде қазақ әуені қалықтады

Қойылымдарды тамашалауға көптеген көрермен келді. Құрметті қонақтардың арасында Қызыл теңіз провинциясының губернаторы, Қазақстан достары ассоциациясының төрағасы Ахмед Абдалла, Оңтүс­тік Синай провинциясының губернаторы Халед Фода, Алексан­д­рия про­винциясының губер­на­то­ры Мұ­х­аммед Сұлтан, Мы­сыр ми­нис­тр­лік­тері мен ведом­ствол­а­ры­ның басшы­лары, шетелдердің елшілері мен дипломаттары келді. Олар дәстүрлі және заманауи музыкалық өнерді қамтитын қазақ ұлттық мәдениетінің қайталанбас синтезіне назар аудара отырып, қазақстандық әртістердің кәсіби деңгейін жоғары бағалады.

Мысырлық көрермендердің назарына Вагнердің увертюрасы, Нюрбнерг Мейстерзингер операсы, Прокофьевтің бірінші скрипка концерті, Шуберттің тоғызыншы сим­фониясы сияқты әлемдік клас­си­каның алдыңғы қатарлы шы­ғар­­малары ұсынылды. Біздің жас және талантты композитор, «Қа­зақ Моцарты» атанған Рахат-би Әб­ді­сағиннің «Романтизм жаң­ғы­рығы» атты шығармасы ерекше қы­зы­ғушылық тудырды. Сонымен қа­тар «Шабыт» домбырашылар ан­сам­блінің «Адай», «Әлқисса» күй­лерін асқан шеберлікпен орындауы, «Айгөлек» скрипкашылар ансамблі, сон­дай-ақ әншілер Батыржан Сма­ков, Асқар Мұқият, Ұлпан Әб­ді­кәрімова, Назым Сағынтай, Ма­рат Ай­тымбайдың өнерлері жұрт­шы­лықты қуантты.

Осы күндері Қазақстанның Каир­дегі елшілігі ұйымдастырған іс-ша­ра­ларға Мысырда тұратын отан­дас­та­ры­мыз және қазақстандық сту­­дент­тер қатысып, туған жер әуен­де­рін тыңдады. Концерт соңында олар елшіліктің қызметкерлері мен әртістерге керемет іс-шара үшін ал­ғыс­тарын білдірді. Олардың айтуынша, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы қазақстандықтардың ұлт­­тық өнерге атсалысуына ғана емес, ше­телдіктерді Отанымыздың көп­қыр­лы мәдениетімен таныстыруға да үлкен мүмкіндік береді.

«Егемен-ақпарат»