Ауыр салмақтағы WBC және WBO әлем чемпионы украиналық Александр Усик (14-0, 11 КО) ресейлік боксшы Мұрат Гассиевке (26-0, 19 КО) қарсы өтетін жекпе-жекке дайындық барысында жарақат алып қалған. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс супер сериясының ресми сайты мәлімдеді. Осылайша аталған турнирдің финалы кейінге шегерілді.
«Бұл жағдай ресейлік боксшының командасына ескертілді және Бүкіләлемдік бокс супер сериясының ресми демеушісі Comosa AG украиналық боксшыны медициналық тексерістен өткізіп, 11 мамырда өтетін жекпе-жекке дайын емес деп шешім шығарған», деп жазады WBSS ресми сайты.
Қазіргі таңда Гассиев-Усик жекпе-жегін қай елде өткізу керектігі талқыланып жатыр. Бұған дейін олардың айқасы Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған болатын. Кейбір мәліметтерде жекпе-жек жаздың ортасында Ресейде өтуі мүмкін екені айтылады. Ал Александр Усик кездесу Ресейде ұйымдастырылатын болса, финал менсіз өтеді деп отыр.