Елбасы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
19.04.2018 6575
2

Жиынға Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Есімов, Премьер-Министрдің орынбасарлары А.Мамин және А.Жұмағалиев, Президенттің көмекшісі Ә.Смайылов, Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Р.Эванс, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың жетекшілері қатысты.

Басқосу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жаңарған даму стратегиясы мен Қорды трансформациялау бағдарламасын қабылдау мәселелері талқыланды.

Кездесуді ашқан Қазақстан Президенті ұлттық экономикамызды нығайту және одан әрі дамыту ісінде «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының жұмысы стратегиялық маңызға ие болып отырғанын атап өтті.

– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Қорды дамыту жөніндегі алғашқы ұзақ мерзімді стратегия 2012 жылы қабылданды. Ол әлемдік қаржы дағдарысының салдарына қарсы тұру мақсатымен әзірленген болатын. Соңғы жылдары ахуал өзгерді. Экономикамыз сыртқы факторлардың әсеріне төтеп беріп, орнықты даму жолына түсті. Көп жұмыс атқарылды, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорды дамыту үшін атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, бұған дейін қабылданған бағдарламаларды қазіргі жағдайларға сәйкес жаңарту қажеттігін айтты.

– Біз экономикамызды үшінші жаңғырту жолына түсіп, цифрландыру жөніндегі жұмыстарға белсенді түрде кірістік. Еліміздің 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Осы орайда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жаңа даму стратегиясын да қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, Қорды трансформациялау бағдарламасын жаңарту қажет. Бұл бағдарламаның нәтижелері Қор компанияларының қызметінде де көрінуге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы – Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Есімовтің, «Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры Р.Эванстың есептері тыңдалды. Жиынға қатысушыларға «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018-2028 жылдарға арналған жаңарған даму стратегиясы және Трансформациялау бағдарламасы таныстырылды. Адами капиталды дамыту және Қордың кадр әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Нұрсұлтан Назарбаев баяндамашыларды тыңдап, жиынға қатысушылардың назарын тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін бірқатар мәселеге аударды.

– Қорды басқарудың тиімділігін арттыру мәселесіне тоқталайық. Қор компанияларын басқарудың көп деңгейлі жүйесі әлі күнге дейін әрекет етіп келеді. Бұл шешімдер қабылдауды күрделендіреді, саны көп әкімшілік-басқарушылық персоналды ұстау үшін елеулі қаржы ресурстарын талап етеді. Басқару деңгейлерін қысқарту қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Қордың активтерін жекешелендіру жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығына назар аударып, бұл бағдарламаға шетелдік инвесторлар зор қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қор компанияларын цифрландыру үдерісіне арнайы тоқталып, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында бұл бағдарламаның өзектілігін және дер кезінде ұсынылып отырғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қордың ірі инвестициялық жобаларына қатысты жүйелі шешім қабылдау қажеттігін айтты.

Жиын соңында Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018-2028 жылдарға арналған жаңарған Даму стратегиясын және Қорды трансформациялау бағдарламасын мақұлдап, оның әрі қарай жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

– Ұлттық әл-ауқат қорының жұмысы қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға және ел экономикасын көтеруге бағытталуы керек. Дамудың жаңа стратегиясы мен Трансформациялау бағдарламасы Қор жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, ұлттық экономиканың одан әрі дамуына да ықпал етеді. Осыған орай Үкімет Қор басшылығымен бірлесіп, осы бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуі қажет, – деді Елбасы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Асықтан төсеніш пен ойыншықтар жасайды

17.01.2019

Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде

17.01.2019

27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу