Әлем • 20 Сәуір, 2018

Арсен Венгер «Арсеналдан» кететін болды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Арсенал» футбол командасының бас бапкері Арсен Венгер маусым соңында қызметінен кететінін мәлімдеді.

Арсен Венгер «Арсеналдан» кететін болды

«Клуб басшылығымен ақылдаса келе осы маусымның соңында клубтан кету туралы шешім қабылдадым. Бірнеше жыл бойы әлемнің ең үзік командасын жаттықтырғаныма қуаныштымын. Клубқа бар күш-жігерімді салдым және адал жұмыс істедім деп айта аламын. Барша жанкүйер қауымға, футболшыларға алғысымды айтамын», дейді Арсен Венгер.

Франциялық маман 22 жылдың ішінде «Арсеналмен» бірге 17 кубок жеңіп алған. Үш рет Англия чемпионы атанып, жеті рет Англия кубогы мен Англия Суперкубогын жеңіп алған. Венгер Ағылшын премьер-лигасында жаттықтырушы ретінде 823 матч өткізіп, АПЛ тарихында рекорд орнатқан. Екінші орында «Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Алекс Фергюсон (810) тұр.

Ал клуб басшылығы жаңа бапкер жақын арада тағайындалатынын, оған дейін ресми түрде ешнәрсе хабарланбайтынын жеткізді.

Англия чемпионатының 33-турынан кейін «Арсенал» алтыншы орында келеді. Турнирлік кестеде бесінші орында келе жатқан «Челсиден» тоғыз ұпай қалып келеді. Сонымен қатар Еуропа лигасының жартылай финалында Испанияның «Атлетикосымен» кездеседі.

«Арсеналға» дейін Францияның «Нанси» (1984-1987), «Монако» (1987-1994) және Жапонияның «Нагоя Грампус» (1995-1996) командаларына жетекшілік етті.