Парламент • 20 Сәуір, 2018

Заңнамаға архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер қаралды

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Заңнамаға архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер қаралды

Осы саладағы заңнаманы жетілдіру тыныс-тіршілікті құжаттамалық қамтамасыз етудің барлық саласына жаңа ақпарат түрлерінің жедел кірігуі және толықтай электрондық құжат айналымына көшуге байланысты болып отыр. Түзетулер Бюджет кодексі мен бірқатар заңдарды қамтитын болады.    

Бюджет кодексіне мемлекеттік архивтерге ақылы қызмет түрлерін өткізуден алынған ақшаларды жұмсау құқығын беру бөлігіне өзгеріс енгізіледі.

«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңға өзгерістер ұғымдық аппаратты, мемлекеттік архивтер көрсететін қызметтер тізбесін кеңейтуге, уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бақылауды жүргізуге құзыреттерінің аражігін ажыратуға байланысты болды.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңға архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдардың құзыретін нақтылайтын түзетулер енгізіледі.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңға жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірін, заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірін міндетті көрсету бөлігіне түзету енгізіледі, бұл жеке тұлғалардың сұрау салуларын орындауды ретке келтіру мен бақылауға, сондай-ақ жасырын өтініштердің санын қысқартуға ықпал ететін болады.

«Білім туралы» заңға білім беру гранттарын тағайындауға қатысты түзетулер енгізіледі.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» заңдағы сыйлықты беру жөніндегі комиссия құрамын бекіту тәртібі өзгертіледі.

«Оңалту және банкроттық туралы» заңға банкроттың архивтік құжаттарын ретке келтіру және тиісті архивке беру бойынша банкроттықты басқарушының міндеттерін реттеу бөлігіне түзетулер енгізіледі.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51